Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын

06.10.2022

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы

Бос лауазымның атауы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы

Құрылымдық бөлімшенің атауы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі (бұдан әрі – СКҚ)

Тікелей басшының лауазымы: Директорлар кеңесі

Лауазымдық нұсқаулықтағы негізгі лауазымдық міндеттері: «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) қызметінің ашықтығы мен ҚР заңнамасына, үздік халықаралық практикаға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы міндетті реттеуші талаптарға, акционер мен мүдделі тараптардың талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету

Өтінім бойынша байланыс жасайтын тұлға және оның лауазымы: Сейдалина Динара Борисовна/ АРБД менеджері

Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан):

1) біліміне қойылатын талаптар: бір немесе бірнеше бейіндік салалардағы жоғары білім – құқықтану, қаржы, экономика;

2) лицензиялардың, сертификаттардың болуына қойылатын талаптар: Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы сертификаттың; Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы сертификаттау бағдарламасының ұлттық құрамдас бөлігі; ISO 37001 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің ішкі аудиторы/менеджері сертификатының болуы міндетті.

3) жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: ірі холдингтік компанияда және/немесе аудиторлық компанияларда, қаржы институттарында (ішкі бақылау, тәуекел-менеджмент бөлімшелерін, заңдық қолдау бөлімшелерін қоса алғанда) немесе құқық қорғау органдарында 5 жылдан кем емес.

4) басшы лауазымдардағы жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: агроөнеркәсіптік секторда және/немесе қаржы ұйымдарында/екінші деңгейлі банктерде немесе халықаралық компанияларда (Холдинг компаниялары тобында және/немесе Мемлекеттік басқару органдарында) комплаенс-тәуекелдерді басқару жөніндегі құрылымдық бөлімше басшысының позициясында кемінде 5 жылдық жұмыс тәжірибесі.

Лауазымдық міндеттерді атқару үшін қажетті білім:

• Мемлекеттік органдар мен компаниялардың / квазимемлекеттік сектордың құқықтық және экономикалық құқықтық қатынастарын реттейтін ҚР нормативтік-құқықтық актілерін білу;
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыру, экстра-аумақтық юрисдикциясы бар шет мемлекеттердің халықаралық санкциялары мен санкцияларын қоса алғанда, комплаенс саласындағы халықаралық практикалар мен стандарттарды, ҚР заңнамасын білу;
• Комплаенс функциясын енгізудің және комплаенс мәдениетін дамытудың үздік халықаралық тәжірибелерін білу;
• Қоғам ішіндегі мүдделер қақтығысының негізгі тәуекелдерін білу және оларды анықтау және олардың алдын-алу бойынша әдіснамалар мен ұсыныстарды әзірлеу;
• Қоғам жұмыс істейтін әртүрлі секторлардағы бизнес-қызметті және ерекшеліктерді білу;
• Қызметтің жетекшілік ететін бағыты бойынша тәуекелдерді сәйкестендіру және басқару негіздерін білу;
• Ағылшын тілі бойынша білімі Upper - Intermediate деңгейінен төмен емес.
• Мемлекеттік тілді орта деңгейден төмен емес меңгеру.

Міндеттерді орындау үшін қажетті машықтар мен дағдылар:

• Ұйымның құқықтық нормативтері мен ішкі талаптарының сақталуын бақылау дағдылары (бизнес-мүдделер қақтығысы, этикалық нормалар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар);
• Комплаенс және этика сұрақтары бойынша ішкі корпоративтік құжаттарды, стандарттарды, саясаттар мен рәсімдерді әзірлеу, сондай-ақ комплаенс-рәсімдер шеңберінде бизнес-процестерге мониторинг жүргізу, тергеу-тексерулер жүргізу, этика және комплаенс саласында есептілікті қалыптастыру дағдылары.

Жұмыс шарттары:

• Жұмыс тәртібі: толық жұмыс күні, 5/2
• Жалдау нысаны: еңбек шарты
• Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру
• Орналасқан орны: Астана қ., Иманов к-сі, 11, «Нұрсәулет 1» БО.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері Seydalina.D@agrocredit.kz email арқылы қабылданады.

Хат тақырыбында «СКҚ Басшысы» деп көрсетіңіз.


Бос жұмыс орындарының мұрағаты

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар