Сұрақ-жауап
7077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын

09.09.2022

Активтерді басқару департаментінің бас менеджері

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Активтерді басқару департаментінің бас менеджері бос лауазымына үміткерді іздейтінін хабарлайды.

Лауазымы, құрылымдық бөлімшесі: Активтерді басқару департаментінің бас менеджері.      

Лауазымдық міндеттері: Холдингтің Стратегиясы және ішкі нормативтік құжаттары шеңберінде Холдингтің еншілес ұйымдарының (бұдан әрі - ЕҰ) Директорлар кеңесінің тиімді қызметін қамтамасыз ету, ЕҰ активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету және Холдингтің активтерін тиімді басқару жөніндегі стратегиялық және операциялық міндеттерге қол жеткізу мақсатында департамент құзыреті шеңберінде ЕҰ қызметін үйлестіру.

Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан):

Экономика, заң, қаржы және/немесе құрылыс білімі саласындағы жоғары білім.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:

Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда жұмыс тәжірибесі кемінде 3 (үш) жыл;

Ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түріндегі жұмыс тәжірибесі кемінде 1 (бір) жыл (Холдинг компаниялары тобында және/немесе мемлекеттік басқару органдарында болғаны құпталады).

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін мыналарды білуі қажет:

· «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» және т.б. Қазақстан Республикасының заңдарын білу;

· Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін және ағылшын тілін (мүмкіндігінше) білу;

· корпоративтік басқару негіздерін білу.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

• презентациялар дайындау және іскерлік қарым-қатынас;

• ақпаратты жедел өңдеу және талдау;

• қаржылық талдау жүргізу, электрондық кестелермен жұмыс істей білу;

• нақты іс-қимыл жоспарларын болжау және әзірлеу;

• құжат айналымының электрондық жүйесін қолдану;

• MS Office (Word, Excel, PowerPoint) бағдарламаларын озық пайдаланушы деңгейінде пайдалану.

Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер:

Коммуникация және көшбасшылық                                                                        

Аналитикалық ойлау және шешім қабылдау                                                  

Жұмыс процестеріне әсер ету                                                                    

Жұмысты ұйымдастыру                                                                     

Өзгерістерге бейімделе білу                                                                         

Командамен жұмыс істей білу

Жауапкершілік

Даму

Жұмыс шарттары:

Жұмыс уақыты: толық жұмыс күні, 5/2

Жалдау нысаны: еңбек шарты

Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру

Орналасқан жері: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55А, B блогы

                                                                   

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері hrd@baiterek.gov.kz email арқылы 15.09.2022 ж. дейін қабылданады.

Хат тақырыбында «АБД бас менеджері» деп көрсетіңіз.   

    

Бос жұмыс орындарының мұрағаты

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар