Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын

07.09.2022

Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры

Басқарманың 20.06.2018 ж. шешімімен (№25/18 хаттама) бекітілген «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ бос лауазымдарына орналасуға үміткерлерді іріктеу қағидаларына сәйкес, бос лауазымдар болған жағдайда, ең алдымен ішкі конкурс жарияланады.

Осыған байланысты, Адами ресурстарды басқару департаменті «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.

БОС ЛАУАЗЫМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Бос лауазымның атауы: Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры

Құрылымдық бөлімшенің атауы :Ақпараттық технологиялар департаменті

Лауазымдық нұсқаулықтан алынған негізгі лауазымдық міндеттер:

ҚР заңнамасының, ақпараттық технологиялар (бұдан әрі - АТ) саласындағы Холдингтің ішкі нормативтік құжаттарының талаптары шеңберінде, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, Холдингтің стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуіне жәрдемдесуді ұйымдастыруға жауап береді

Өтінім бойынша байланысушы тұлға және оның лауазымы: Адами ресурстарды басқару департаментінің бас маманы Сейтжанқызы А.

Бос орынның мақсаты / пайда болу себебі: Жұмыс істеп жүрген қызметкердің жұмыстан шығуы/басқа жұмысқа ауысуы

ҮМІТКЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Ақпараттық/телекоммуникациялық технологиялар саласындағы жоғары білім.

Лицензиялардың, сертификаттардың болуына қойылатын талаптар: IPMA/PMP.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін мыналарды білуі қажет

Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасын білу;

АКТ қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу;

акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға қолданылатын уәкілетті органдардың бұйрықтарымен бекітілген ережелерді білу;

АТ саласындағы қазақстандық және халықаралық стандарттарды білу;

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-да тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын білу;

Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау нормаларын білу;

Холдингтің АТ саласындағы ішкі нормативтік құжаттарын білу;

Холдингтің қаржылық-шаруашылық қызметін білу;

АТ жобаларын басқару саласын білу.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

Ақпараттық жүйелерді әкімшілендіру дағдылары;                                                                        

Жобаларды басқару дағдылары;                                                            

Сервистік өнімдер мен шешімдерді табысты енгізу дағдылары;                                                               

Жобалау-техникалық, пайдалану және нормативтік құжаттарды әзірлеу дағдылары;                                                    

Сатып алу рәсімдеріне қатысу, бюджеттерді қалыптастыру, іскерлік хат алмасуды жүргізу тәжірибесі.

Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер (қолданыстағы Құзыреттілік моделіне сәйкес):

Коммуникация және көшбасшылық                                                                        

Аналитикалық ойлау және шешім қабылдау                                                  

Жұмыс процестеріне әсер ету                                                                    

Жұмысты ұйымдастыру                                                                     

Өзгерістерге бейімделе білу                                                                 

Командамен жұмыс істей білу;                                              

Нәтиже үшін жауапты болу;                                                                

Даму.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:

  • Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл;

  • Ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түріндегі жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл (Холдинг компаниялары тобында және/немесе мемлекеттік басқару органдарында болғаны құпталады).;

  • Орындаушылар тобын басқару бойынша Холдингтің АТД басшысы немесе қызметкері ретінде кемінде 2 жыл.

Жұмыс шарттары:

  • Жұмыс уақыты: толық жұмыс күні, 5/2
  • Жалдау нысаны: еңбек шарты
  • Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру
  • Орналасқан жері: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55А, B блогы

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері hrd@baiterek.gov.kz email арқылы 12.09.2022 ж. дейін қабылданады

Хат тақырыбында «АТД директоры» деп көрсетіңіз.

Бос жұмыс орындарының мұрағаты

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар