Қазақстанның дамуына бағытталған КӘСІПҚОЙЛАР
- Холдинг туралы
Кеңес ал!
«Бәйтерек» холдингі Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі даму қаржы институты ретінде ұзақ мерзімді кезеңде тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін экономикаға, экологияға және қоғамға өз ықпалының маңыздылығын сезінеді және мүдделі тараптар мүдделерінің тепе-теңдігін сақтауға ұмтылады.
Холдингтің тұрақты дамуы - Холдинг өз қызметін жүзеге асыру кезінде басшылыққа алатын қағидаттар мен міндеттемелердің жиынтығы, оның ішінде:
Холдинг ұзақ мерзім бойы тұрақты даму үшін өзінің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мақсаттарының келісімділігін қамтамасыз етеді.
Өзекті ақпаратты Холдингтің орнықты даму саласындағы жыл сайынғы есептерінен тиісті бөлімде табуға болады.
Холдингтің тұрақты даму саясаты
Экономикалық құрауышы | Экологиялық құрауышы | Әлеуметтік құрауышы |
---|---|---|
|
|
|
Холдингте бизнестің іскерлік беделін арттыруға, компанияны капиталдандыруға, барлық мүдделі тұлғалармен тиімді және теңгерімді қатынастар орнатуға мүмкіндік беретін корпоративтік басқару кодексіне және Холдингтің тұрақты даму саласындағы саясатына сәйкес әзірленген стейкхолдерлер картасы бекітілді.
Мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынас жасай отырып, Холдинг мынадай базалық қағидаттарды басшылыққа алады:
Корпоративтік даму бойынша өзекті ақпаратты, оның ішінде стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл стратегиясын іске асыру туралы есепті тиісті бөлімде табуға болады
https://baiterek.gov.kz/kk/kholding-turaly/baandamalar-esepter-solular/korporativtik-baskaru-turaly-...
Холдинг Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартына (UN Global Compact) ұлттық ESG клубына қосылды, сонымен қатар "Бір белдеу, бір жол" жасыл инвестициялар қағидаттарына (GIP), БҰҰ-ның әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту бастамасына (Women Empowerment Principles) қол қойды.
Сонымен қатар, компания қызметіне ESG мәселелерін енгізу тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін негізгі құрал – ESG рейтингі болып табылады. 2024 жылы жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша халықаралық рейтингтік агенттік Sustainable Fitch Холдингтің ESG рейтингін «3» деңгейінде растады және оның ұпайын «57» (2023 жылы) деңгейінен «59»-ға көтерді.
Холдингте орнықты дамуды басқару холдинг қызметін басқарудың жалпы жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады және оның ажырамас бөлігі болып табылады.Холдингтің Директорлар кеңесі тұрақты дамудың енгізілуіне стратегиялық басшылықты және бақылауды жүзеге асырады. Холдингтің Директорлар Кеңесі жанындағы Стратегиялық жоспарлау жөніндегі Комитет Холдингтің тұрақты даму саласындағы қызметі туралы мәселелерді жыл сайынғы негізде қарайды.
Холдинг басқармасы орнықты даму саласындағы іс-шаралар жоспарын бекітеді. Холдинг басқармасы жанындағы Стратегия және корпоративтік даму жөніндегі Комитет орнықты даму саласындағы іс-шараларды үйлестіруге жауапты болады.
Холдингтің құрылымдық бөлімшелері тұрақты даму саласындағы ҚНК-ге қол жеткізуді қамтамасыз ететін тұрақты даму саласындағы іс-шараларды іске асырады. Холдингтің бекітілген Тұрақты даму жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Холдингтің жобалау қызметі шеңберінде де, әкімшілік-шаруашылық қызметі шеңберінде де бірқатар іс-шаралар іске асырылды, оның ішінде:
2023 жылы "Жасыл кеңсе" элементтерін енгізу бойынша бірқатар іс-шаралар іске асырылды, атап айтқанда:
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ орнықты даму жөніндегі 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп
2024 жылғы 16 сәуірде «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы Холдингі бизнесті жаһандық деңгейде орнықты дамуға тартуға бағытталған ірі халықаралық бастама-Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартына (UN Global Compact) қосылды. Бұл Бәйтеректің адам құқықтарын құрметтеуді, озық еңбек стандарттарын қолдауды, экологиялық тұрақтылыққа ұмтылуды және сыбайлас жемқорлыққа Белсенді қарсы іс-қимылды қоса алғанда, Жаһандық шарттың он әмбебап қағидатына бейілділігін растайды.
1. Адам құқықтарын қорғау саласында:
2. Еңбек қатынастары саласында:
3. Қоршаған ортаны қорғау саласында:
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында:
БҰҰ-ның Жаһандық шарты әлемнің 160 елінен 20 000-нан астам компаниялар мен ұйымдарды біріктіріп, корпоративтік және мемлекеттік секторлар арасында күшті халықаралық әріптестікті қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл бастамаға қатысу "Бәйтерекке" тұрақты даму саласындағы әлемдік көшбасшылардан тәжірибе алмасуға және үйренуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, 2024 жылғы 29 сәуірде Холдинг "Бір белдеу, бір жол" (GIP) жасыл инвестициялар қағидаттарына қол қоюшылар қатарына қосылды. GIP-бұл "белдеу және жол" инвестицияларын "көгалдандыру"принциптерінің жиынтығы. Ол үш деңгейдегі жеті принципті қамтиды: стратегия, операциялар және инновация.
1-қағидат: корпоративтік басқаруға орнықты даму қағидаттарын енгізу;
2-қағида: экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық тәуекелдерді түсіну;
3-қағида: экологиялық ақпаратты ашу;
4-қағидат: мүдделі тараптармен байланысты жақсарту;
5-қағидат:" жасыл " қаржы құралдарын пайдалану;
6-қағидат: "жасыл" жеткізу тізбегін басқаруды енгізу;
7-қағидат: ұжымдық іс-әрекет арқылы әлеуетті арттыру.