Қазақстанның дамуына бағытталған КӘСІПҚОЙЛАР
- Холдинг туралы
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар үшін аудиторлық ұйымды таңдау Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2014 жылдан бастап «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ аудиторы «КПМГ-Аудит» ЖШС болып табылады.:
– «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесі отырысының 2014 жылғы 24 шілдедегі № 06/14 шешіміне сәйкес және сыйақы сомасы 24 640,00 мың теңге (ҚҚС-мен);
– «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесі отырысының 2015 жылғы 12 ақпандағы № 02/15 2015-2018 жылдарға арналған шешіміне және сыйақы сомасы жыл сайын 26 600,00 мың теңге (ҚҚС-мен) ;
– «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесі отырысының 2019 жылғы 15 мамырдағы № 04/19 шешіміне сәйкес 2019-2021 жылдарға және сыйақы сомасы тиісінше жылдар бойынша 42 560,00 мың теңге, 45 584,00 мың теңге, 48 720,00 мың теңге (ҚҚС-мен).
– «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесі отырысының 2024 жылғы 28 мамырдағы № 05/24 2024-2026 жылдарға арналған шешіміне сәйкес.
2019-2023 жылдар кезеңінде «КПМГ-Аудит» ЖШС сыртқы аудиторы «Бәйтерек» ҰБХ» үшін қаржылық есептілік аудитіне байланысты емес, аудиторлық ұйымға төленетін сыйақының жалпы құнының 50% - ынан астамын құрайтын консультациялық қызметтер көрсеткен жоқ.
Ішкі аудиттің міндеті тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде объективті ішкі аудиторлық тексерулер жүргізу, ұсыныстар беру және білім алмасу арқылы ұйым құнын сақтап қалу және арттыру болып табылады.
Ішкі аудиттің тәуелсіздігін және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Ішкі аудит қызметі (ІАҚ) «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын орган болып табылады және соның алдында өз жұмысы туралы есеп береді.
Қазақстан Республикасының заңнамасының, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Жарғысы мен Корпоративтік басқару кодексінің, ІАҚ туралы ереженің және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Ішкі аудитті ұйымдастыру қағидалары нормаларының талаптарына сәйкес – ІАҚ өз қызметін жүзеге асыру кезінде құрамдас элементтері Ішкі аудиттің халықаралық стандарттары, Тақырыптық талаптар, сондай-ақ жаһандық ішкі аудиторлар институтының Халықаралық нұсқаулықтары болып табылатын Кәсіби тәжірибенің халықаралық негіздерін басшылыққа алады.
ІАҚ қызметінің 2013-2017 жылдар аралығындағы алғашқы бес жылының қорытындылары бойынша ІАҚ қызметіне тәуелсіз сыртқы бағалау жүргізілді және ІАХКС пен Этика кодексіне деңгейінде сәйкестігі расталды (79%). ІАҚ-тың кемелдену деңгейі 2018 жылы Мемлекеттік сектор үшін ішкі аудиттің өтеу моделіне сәйкес Басқарылатын деңгейде белгіленді.
Осыған ұқсас тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша 2022 жылы «КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС ІАҚ қызметінің ІАХКС пен Этика кодексіне сәйкестігін растады (99%). Мемлекеттік сектор үшін ішкі аудиттің өтеу моделіне сәйкес бағаланған ІАҚ өтеу деңгейі жоғары деңгейде расталды – Оңтайлы.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қызметіндегі маңызды тәуекел аймақтарға жүргізілген аудитпен және консультациялық қызметтермен қатар ІАҚ заңнаманың нормаларына, ішкі әдістемелерге сәйкес және қолданылатын халықаралық стандарттарды ескере отырып, Холдингтің ішкі бақылау, ақпараттық қауіпсіздік, алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйелерінің тиімділігіне кезең сайын кешенді бағалау жүргізеді.
Холдинг 2024 жылғы 13 қарашада Холдингтің Жалғыз акционерінің («Бәйтерек» «ҰБХ» АҚ-ның кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрінің 2024 жылғы 11 қарашадағы бұйрығы) шешіміне сәйкес 2023 жылдың қорытындысы бойынша 65 019 662 526 (алпыс бес миллиард он тоғыз миллион алты жүз алпыс екі мың бес жүз жиырма алты) теңге 50 (елу) тиын мөлшерінде қосымша дивидендтер төлеуді жүзеге асырды.