Қазақстанның дамуына бағытталған КӘСІПҚОЙЛАР
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!

Корпоративтік хатшы Холдингтің Директорлар кеңесінің не Басқармасының мүшесі болып табылмайтын, "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ-ның Директорлар кеңесі тағайындайтын және Холдингтің Директорлар кеңесіне есеп беретін "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ-ның қызметкері болып табылады.
Корпоративтік хатшының құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Холдинг Жарғысымен, Холдингтің Корпоративтік хатшысы туралы ережемен және Холдингтің өзге ішкі құжаттарымен айқындалады.
"Бәйтерек" ҰИХ" АҚ Корпоративтік хатшысы туралы ережеге сәйкес Холдингтің Директорлар кеңесінің шешімі бойынша "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ Корпоративтік хатшысының міндеттері Холдингтің қызметкері болып табылмайтын және еңбек қатынастары таралмайтын және сыйақы төленбейтін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына жүктелуі мүмкін. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы Холдингті басқаруға қатыспайды.
Корпоративтік хатшыға жүктелген функцияларды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету Холдингтің Корпоративтік хатшысы қызметінің негізгі міндеті болып табылады. Корпоративтік хатшы қызметі Холдингтің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және тікелей Корпоративтік хатшыға бағынады.
Корпоративтік хатшының негізгі міндеттеріне мыналар кіреді:
«Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 27 наурыздағы № 03/25 шешімімен «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ Корпоративтік хатшысының міндетін атқарушы болып Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев тағайындалды.
Бәйтерек ҰБХ АҚ корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігін бағалау нәтижелері туралы
2026 жылғы 18 ақпанда "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ BTRKb9 (KZ2C00010304) облигациялары бойынша екінші купондық сыйақыны төледі.