«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-заң) 1-бабы 1 - тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдары, Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар (бұдан әрі - квазимемлекеттік сектор субъектілері) құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар қоғамдық кеңестер болып табылады.

Азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру қоғамдық кеңестер қызметінің мақсаты болып табылады.

Қоғамдық кеңестердің міндеттері:

  1. азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және республикалық және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;
  2. орталық атқарушы органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту;
  3. қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және орталық атқарушы органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

Қоғамдық кеңестер өз қызметін мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырады:

  1. тәуелсіздік;
  2. мүшелерінің қоғамдық негіздегі қызметі;
  3. автономдық;
  4. дербестік;
  5. жариялылық.

Квазимемлекеттік сектор субъектілері құратын қоғамдық кеңестердің өкілеттіктеріне мыналар жатады:

  1. стратегиялар мен даму жоспарларының жобаларын талқылау;
  2. стратегиялар мен даму жоспарларының іске асырылу есептері мен мониторингін талқылау;
  3. қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижелерін талқылау;
  4. Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және мемлекеттік органдарға енгізу;
  5. қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру;
  6. Қоғамдық кеңес туралы ережені бекіту;
  7. Заңда көзделген нысандарда қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.

Республикалық және жергілікті деңгейлердегі қоғамдық кеңестер мен олардың құрамдарын жетекшілері азаматтық қоғамнан өкілдік ететін жұмыс топтарының мүшелері арасынан дауыс беру арқылы сайланатын жұмыс топтары қалыптастырады.

Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан, квазимемлекеттік сектор субъектісінен өкілдік ету жұмыс тобы мүшелері жалпы санының үштен бірінен аспайды. Осы өкілдіктің дербес құрамын мемлекеттік органның басшысы, квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы өз бетінше айқындайды.

Азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

Жұмыс тобының құрамын республикалық деңгейде – тиісті мемлекеттік органның басшысы, квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы, жергілікті деңгейде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік мәслихатының хатшысы бекітеді.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (бұдан әрі – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, Холдинг) Басқарма Төрағасының 2021 жылғы 28 маусымдағы №63-Б бұйрығымен Холдингтің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітілді:

  1. Мақашева А. Ж. азаматтық қоғам өкілі, жұмыс тобының жетекшісі;
  2. Митрофанова Е. Н. азаматтық қоғам өкілі, жұмыс тобының мүшесі;
  3. Әміркешев Р. б. азаматтық қоғам өкілі, жұмыс тобының мүшесі;
  4. Жұмабай А. Е. азаматтық қоғамның өкілі, жұмыс тобының мүшесі;
  5. Қарлығашев А. К. азаматтық қоғам өкілі, жұмыс тобының мүшесі;
  6. Шамшин А. Н. Холдингтің басқарушы директоры, жұмыс тобының мүшесі;
  7. Мурзагалиева А.Е. Холдинг активтерін басқару департаментінің директоры, жұмыс тобының мүшесі.

2021 жылы 24 маусымда бейнеконференцбайланыс арқылы холдингтің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – жұмыс тобы) бірінші отырысы өткізілді.

Осы отырыста 4 мәселе қаралды (күн тәртібі):

  1. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына мүшелерді іріктеу.
  2. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының басшысын сайлау.
  3. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қоғамдық кеңесі мүшелерінің сандық құрамын айқындау.
  4. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы халықты хабардар ету.

Жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша жұмыс тобының шешімі:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша шешім қабылданды:

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының келесі құрамы бекітілсін:

  1. Шамшин Арман Нұржанұлы – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ өкілі;
  2. Мурзагалиева Алия Ерболатқызы – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ өкілі;
  3. Митрофанова Елена Николаевна – азаматтық қоғамның өкілі;
  4. Әміркешев Рүстем Болатбекұлы – азаматтық қоғамның өкілі;
  5. Жұмабай Алмаз Ерболатұлы – азаматтық қоғамның өкілі;
  6. Қарлығашев Азамат Қайратұлы – азаматтық қоғамның өкілі;
  7. Мақашева Анар Жанарқызы – азаматтық қоғамның өкілі.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша шешім қабылданды:

Жұмыс тобының жетекшісі болып Мақашева Анар Жанарқызы сайлансын.

Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша шешім қабылданды:

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қоғамдық кеңесі мүшелерінің құрамы 11 адам (мүше) болып белгіленсін.

Күн тәртібінің төртінші мәселесі бойынша шешім қабылданды:

Жұмыс тобы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) Холдингтің интернет-ресурсында орналастырсын, сондай-ақ «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын жүргізсін.


іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар