2024 жылғы 13 желтоқсанда Холдингтің жаңартылған құрамдағы Қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Жиын барысында қатысушыларға Холдингтің қызметі туралы ақпарат беріліп, 2024–2033 жылдарға арналған Даму жоспары таныстырылды.
Бұған дейін, 2024 жылғы 29 қазанда, Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы бекітілді. Оның құрамына Холдинг басшылығы мен азаматтық қоғам өкілдері кірді:
- Онжанов Т.Н. – Холдинг Басқарма Төрағасының орынбасары;
- Көшкімбаев Н.Ж. – Холдингтің басқарушы директоры;
- Мырзағалиева А.Е. – Холдингтің басқарушы директоры;
- Ержанов А.К. – Холдингтің Стратегия және корпоративтік даму департаментінің жоба жетекшісі;
- Бекбасаров Т.Р. – азаматтық қоғам өкілі;
- Жұмалиева Г.С. – азаматтық қоғам өкілі;
- Моминбаев Ж.Б. – азаматтық қоғам өкілі;
- Сүйентаев Д.С. – азаматтық қоғам өкілі;
- Шайх К.А. – азаматтық қоғам өкілі;
- Ыбырайым Н.М. – азаматтық қоғам өкілі;
- Яқыпбаева Ю.К. – азаматтық қоғам өкілі.
Отырыс барысында Қоғамдық кеңес төрағасы болып Шайх Қазыбек Алтайұлы сайланды. Сонымен қатар Қоғамдық кеңестің хатшысы тағайындалды. Кеңес мүшелері Қоғамдық кеңес туралы ережені және 2025 жылға арналған Жұмыс жоспарын бекітті, онда кеңестің негізгі бағыттары мен басымдықтары айқындалған.



