Кеңес ал!

20.12.2024

Холдингтің Қоғамдық кеңесі президиум құрамын бекітіп, салалық комиссияларды құрды

Холдингтің Қоғамдық кеңесі президиум құрамын бекітіп, салалық комиссияларды құрды

2024 жылғы 20 желтоқсанда Қоғамдық кеңестің екінші отырысы онлайн форматта өтті. Жиын барысында Қоғамдық кеңестің қызметіне қатысты бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер қаралып, кеңес жанынан комиссиялар құрылды, олардың төрағалары тағайындалды, сондай-ақ президиум құрамы бекітілді.

Қоғамдық кеңестің президиумы келесі құрамда жасақталды:

  • Шайх К.А. – Қоғамдық кеңес төрағасы;
  • Бекбасаров Т.Р. – Қоғамдық кеңес мүшесі;
  • Жұмалиева Г.С. – Қоғамдық кеңес мүшесі;
  • Моминбаев Ж.Б. – Қоғамдық кеңес мүшесі;
  • Ыбырайым Н.М. – Қоғамдық кеңес мүшесі;
  • Яқыпбаева Ю.К. – Қоғамдық кеңес мүшесі.

Қоғамдық кеңес аясында бес комиссия құрылды:

  1. Тұрақты даму, ESG және инвестиция тарту жөніндегі комиссия;
  2. АӨК мәселелері жөніндегі комиссия;
  3. Мемлекеттік қолдау шараларын мониторингтеу, заңнама және комплаенс мәселелері жөніндегі комиссия;
  4. Құрылыс және тұрғын үй саласын дамыту жөніндегі комиссия;
  5. Кәсіпкерлік және ШОБ дамыту жөніндегі комиссия.

Комиссия төрағалары ретінде келесі мүшелер тағайындалды:

  1. Яқыпбаева Ю.К. – Тұрақты даму, ESG және инвестиция тарту жөніндегі комиссия;
  2. Бекбасаров Т.Р. – АӨК мәселелері жөніндегі комиссия;
  3. Ыбырайым Н.М. – Мемлекеттік қолдау шараларын мониторингтеу, заңнама және комплаенс мәселелері жөніндегі комиссия;
  4. Жұмалиева Г.С. – Құрылыс және тұрғын үй саласын дамыту жөніндегі комиссия;
  5. Моминбаев Ж.Б. – Кәсіпкерлік және ШОБ дамыту жөніндегі комиссия.

Қоғамдық кеңес азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды нығайту, Холдинг қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және маңызды әлеуметтік бастамаларды ілгерілету мақсатында өз жұмысын жалғастырады.

Көбірек көрсет

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар