Қазақстанның дамуына бағытталған КӘСІПҚОЙЛАР
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ Қоғамдық кеңесінің тоғызыншы отырысы өтті. Отырыс холдинг қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және қоғаммен өзара іс-қимылды кеңейту мәселелеріне арналды. Отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері, холдингтің және оның еншілес ұйымдарының басшылығы мен қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібі шеңберінде 2022–2025 жылдар аралығындағы «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ-ның қызметі туралы, оның ішінде негізгі көрсеткіштер, басқарудағы инвестициялық қорлар және халықаралық әріптестер жөнінде ақпарат ұсынылды.
Сондай-ақ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-да жүргізілген көшпелі қоғамдық мониторингтің хаттамасы бекітілді. Мониторинг барысында кәсіпкерлікті қолдау, кепілдендіру, жеңілдетілген қаржыландыру, цифрландыру және ESG қағидаттарын қолдану мәселелері қаралды.
Отырыс барысында энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны (МЭКС) іске асыру барысына ерекше назар аударылды.
Қоғамдық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға белсенді қатысып, өзекті бағыттарды атап өтіп, холдинг қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстарын білдірді.
Отырыс соңында 2025 жылдың қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңестің қызметі туралы есеп қаралды.
«Бәйтерек» ҰИХ» АҚ қоғамдық кеңесі отырысының хаттамасы