26.12.2023

«Бәйтерек» холдингі қоғамдық кеңес отырысын өткізді

«Бәйтерек» холдингі қоғамдық кеңес отырысын өткізді

«Бәйтерек» холдингінде Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онда еншілес компаниялар – «KazakhExport» ЭСК» АҚ және «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ қызметі туралы ақпарат ұсынылды, сондай-ақ кеңестің 2023 жылғы жұмысы қорытындыланды.

Биыл «KazakhExport» ЭСК» АҚ 242,6 млрд теңге сомасына сақтандыру міндеттемелерін қабылдады, экспорттаушыларға 19,3 млрд теңге сауда және экспорт алдындағы қаржыландыру ұсынды. Негізгі экспорттық нарықтарға Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Тәжікстан, Ресей және басқа да елдер кірді, экспорттық келісімшарттардың жалпы сомасы 979,8 млрд теңгені құрады.

2 (8).JPG

QIC қоры 2023 жылдың 11 айында агроөнеркәсіп кешені, «жасыл» энергетика, өңдеу өнеркәсібі және IT-ді венчурлық қаржыландыру сынды экономиканың түрлі секторларындағы 28 жобаны 16,9 млрд теңге сомасына қаржыландырды. Сонымен қатар, QIC қазақстандық жобаларға 880 мың АҚШ доллары көлемінде шетелден инвестициялар тартты.

3 (6).JPG

Отырыс барысында Қоғамдық кеңестің төрағасы Илья Мещеряков кеңес 2023 жылға арналған жұмыс жоспарының барлық тармақтарын және Холдингтің барлық еншілес компанияларының қызметін қарастырғанын айтты, сондай-ақ Қоғамдық кеңес мүшелері 2024 жылы ерекше назар аударғысы келетін бағыттарды атап өтті.

4 (4).JPG

5 (2).JPG

Көбірек көрсет

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар