Қазақстанның дамуына бағытталған КӘСІПҚОЙЛАР
- Холдинг туралы
Кеңес ал!
6 ақпан күні «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті.
Кездесу барысында Қоғамдық кеңестің негізгі қызмет бағыттары, өзара іс-қимыл тетіктері және алдағы кезеңге арналған жоспарлары талқыланды. Басқарма төрағасы Кеңестің кәсіпкерлікті дамыту, бизнесті қолдау және инвестиция тарту бойынша ұсыныстар әзірлеуге ықпал ететін қоғамдық бақылаудың маңызды институты екенін атап өтті.
«Қоғамдық кеңес – Холдингтің маңызды серіктесі, ол азаматтық қоғаммен тиімді кері байланыс орнатуға көмектеседі. Біз ашық диалог пен айқын өзара іс-қимылға ұмтыламыз, бұл кәсіпкерліктің және ел экономикасының тұрақты дамуына ықпал ететін шешімдерді бірлесе әзірлеуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Рустам Қарағойшин.
Қоғамдық кеңес мүшелері тендерлік комиссияларға, Холдингтің отырыстарына және іс-шараларына қатысу, сондай-ақ өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстарын білдірді.
«Біз белсенді жұмыс істеуге және Холдингтің өз миссиясын тиімді орындауына көмектесетін ұсыныстар енгізуге дайынбыз. Қоғамның ойы ескерілуі маңызды, және біз ынтымақтастығымызды кеңейту бастамасын қолдаймыз», – деді Қоғамдық кеңес төрағасы Қазыбек Шайх.
Кездесу қорытындысы бойынша бизнес-қауымдастық пен мемлекеттік институттар арасындағы диалогты нығайтуға бағытталған тығыз ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.