Қазақстанның дамуына бағытталған КӘСІПҚОЙЛАР
- Холдинг туралы
Кеңес ал!
2025 жылғы 26 маусымда «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Қоғамдық кеңесінің Кәсіпкерлік және шағын және орта бизнес жөніндегі комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) алғашқы отырысы өтті. Отырыс «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ-мен (бұдан әрі – «ЭКА» АҚ) бірлесіп ұйымдастырылды.
Отырыста Комиссия мүшелері, Холдингтің Қоғамдық кеңесінің және «ЭКА» АҚ-ның өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында 2024–2025 жылдарға арналған бейресурстық экспортты қолдау шараларының алдын ала нәтижелері тыңдалды. «ЭКА» АҚ өкілдері ESG стандарттарын енгізу барысы туралы, сондай-ақ бейресурстық экспортты қолдаудың қолданыстағы құралдарының тиімділігі туралы кеңейтілген ақпарат ұсынды. Бұл мәліметтер салалар, өңірлер, кәсіпорын санаттары және қайта өңдеу деңгейлері тұрғысынан берілді.
Комиссия мүшелері талқылауға белсенді қатысып, өзекті сұрақтар қойып, «ЭКА» АҚ-ның қызметін жетілдіруге және қолданыстағы қолдау шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстарын білдірді.