Қазақстанның дамуына бағытталған КӘСІПҚОЙЛАР
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
2014 жылғы 27 қарашада Холдинг акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне берілді.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 806 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі таратылған министрліктің құқықтық мирасқоры болып табылатын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 175 қаулысымен Холдинг акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне берілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 297 бұйрығына және 2025 жылғы 30 желтоқсандағы заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамаға сәйкес Холдинг «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамы атауымен қызметін жүзеге асырады.