Жанке Тимур Амантайұлы

Жанке Тимур Амантайұлы

Тұрғын үй-құрылыс активтерін басқару жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі

Тимур Жанке 1977 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы, 2019 жылғы мамырда «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры болып тағайындалды және Директорлар кеңесінің шешімімен Холдинг Басқармасының құрамына кірді. Тұрғын үй-құрылыс активтерін басқару мәселелеріне жетекшілік етеді.

2014 жылдан 2019 жылға дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

1999 жылдан 2014 жылға дейін Алматы қаласы әкімінің аппараты Туризм департаментінің бас маманы, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің жетекші маманы, «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ менеджері, «ҚазМұнайТеңіз» ҰК» ЖАҚ бас директорының көмекшісі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бас менеджері, «ҚазМұнайГаз-Сервис Compass» ЖШС Бас директорының орынбасары, одан кейін Бас директоры қызметтерін атқарды.

1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша, Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін Мұнай-газ және кен орындарын игеру мамандығы бойынша және Нидерландыда MSM Маастрихт менеджмент мектебін бизнесті әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша тәмамдады.

Қызметкер екінші бір жерде қосымша жұмыс істемейді. Еншілес ұйымдарға тиесілі акциялардың үлестері жоқ.

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Казахстанский центр индустрии и экспорта