Омарқожаев Әнуар Сағынәлиұлы

Омарқожаев Әнуар Сағынәлиұлы

Басқарма Төрағасының орынбасары

Әнуар Омарқожаев 1973 жылғы, Қазақстан Республикасының азаматы, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары ретінде 2016 жылдың қазан айында Директорлар кеңесінің шешімімен тағайындалды. Инновациялық жобаларды дамыту және ақпараттық технологияларды енгізу, құқықтық қамтамасыз ету,тұрғын үй құрылыс активтерін, халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік етеді. Мемлекеттік қызметте және корпоративтік басқаруда 16 жыл жұмыс өтілі бар.

2007-2016 жылдары ҚР Премьер-Министрінің Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары – хаттамалық қызметінің басшысы, Премьер-Министр Кеңсесінің сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісі-ҚР Премьер-Министрінің Хаттама басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Хатшылығының меңгерушісі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары қызметтерінде болды.

2002 жылдан бастап 2007 жылға дейінгі аралықта ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетінің атташесі, Қазақстан Республикасының ГФР Елшілігінің үшінші хатшысы, ҚР Президенті Хаттамасының бас инспекторы ретінде еңбек етті.

1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін инженер-механик біліктілігі бойынша ауыл шаруашылығын механизациялау  мамандығын, 1999 жылы Бремен институтын (Германия)  өнеркәсіптік техника инженері біліктілігі бойынша машина жасау мамандығын тәмамдады.

Қызметкер екінші бір жерде қосымша жұмыс істемейді. Еншілес ұйымдарға тиесілі акциялардың үлестері жоқ.

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Казахстанский центр индустрии и экспорта