Нұрғожин Әділ Ерғалиұлы

Нұрғожин Әділ Ерғалиұлы

Жобалық қаржыландыру, халықаралық ынтымақтастық, инновациялық жобаларды дамыту және ақпараттық технологияларды енгізу мәселелері жөніндегі басқарушы директор

Әділ Нұрғожин 1983 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы, 2018 жылдың қыркүйегінде «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры болып тағайындалды. Жобалық қаржыландыру және халықаралық ынтымақтастықты, инновациялық жобаларды дамыту және ақпараттық технологияларды енгізу мәселелеріне жетекшілік етеді. Жалғыз акционердің шешімімен «QazTech Ventures» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы және «Бәйтерек» холдингінің құрылымына кіретін «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласындағы «ГРАТА» заң фирмасының кіші заңгері болып бастаған.

2005 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ҚР Биотехнология жөніндегі ұлттық орталығы» РМК Бас директорының көмекшісі болып жұмыс істеді.

2007-2009 жылдары «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ маркетинг және жарнама, одан кейін стратегиялық даму департаменттерін басқарды.

2009-2012 жылдары «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС тау-кен және химия өнеркәсібіндегі инвестициялық жобалар бойынша департаментінің директоры, Басқарушы директоры .

2012 жылдан бастап 2018 жылға дейін – «VTB Capital I2BF» ЖШС Бас директоры.

Қазақ ұлттық университетін, Монтана университетін (АҚШ), Ланчжоу университетін (ҚХР) бітірген. Мемлекеттік басқару магистрі, бизнес-әкімшілік магистрі. Ағылшын, түрік, қытай тілдерін еркін меңгерген.

2005 жылы Қазақ ұлттық университетін халықаралық құқық бакалавры дәрежесіне ие, Монтана университетінің (АҚШ) магистр дәрежесіне ие, 2007 жылы Ланчжоу университетін (ҚХР) бітірген. Мемлекеттік басқару магистрі, бизнесті әкімшілендіру магистрі. Үш шет тілін – ағылшын, түрік, қытай тілдерін еркін меңгерген.

Қызметкер екінші бір жерде қосымша жұмыс істемейді. Еншілес ұйымдарға тиесілі акциялардың үлестері жоқ.

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Казахстанский центр индустрии и экспорта