Әріпханов Айдар Әбдіразақұлы

Әріпханов Айдар Әбдіразақұлы

Басқарма Төрағасы

Айдар Әріпханов 1974 жылғы, Қазақстан Республикасының азаматы, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы ретінде 2017 жылдың желтоқсанында тағайындалды. Мемлекеттік қызметтегі және корпоративтік басқару саласындағы 20 жылдан артық жұмыс өтілі бар.

2004-2017 жылдары қаржы вице-министрі, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары, «Қазақтелеком» АҚ Басқарушы директоры, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма Төрағасының м.а., ұлттық экономика вице-министрі, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары қызметтерінде болды.

1997 жылдан бастап 2004 жылға дейінгі аралықта Сырттан қарыз алу жөніндегі комитетінің бағдарламалық және әлеуметтік қарыздар бөлімінің бас маманы, Мемлекеттік сыртқы қарыз алу және мемлекеттік кепілдер басқармасының бағдарламалық және әлеуметтік қарыздар, қарыздарды жүзеге асыру бөлімдерінің жетекшісі, Үкіметтік қарыздар және мемлекеттік кепілдер басқармасының жетекшісі, Қаржы министрлігінің мемлекеттік қарыз және кредиттеу департаменті директорының орынбасары ретінде жұмыс атқарды.

1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономика мамандығы бойынша, экономика бакалавры, 2000 жылы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын, «Болашақ» президенттік бағдарламасының аясында – Колумбия университетін (АҚШ) Халықаралық қатынастар, мемлекеттік басқару магистрі мамандығы бойынша тәмамдады.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбектің «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Кеңесінің құрамы туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 11 бұйрығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамына сайланды.

Қызметкер екінші бір жерде қосымша жұмыс істемейді. Еншілес ұйымдарға тиесілі акциялардың үлестері жоқ.

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Казахстанский центр индустрии и экспорта