Акрачкова Дина Викторовна

Акрачкова Дина Викторовна

Аппарат жетекшісі

Дина Акрачкова 1972 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматшасы, 2016 жылдың мамырында «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ аппаратының басшысы болып тағайындалды. Холдингтің тиімді жұмыс істеуі, сатып алу рәсімдерін жүргізу, компанияның құжат айналымын ұйымдастыру мәселелеріне жетекшілік етеді. Мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік және жеке секторларда 25 жылдық жұмыс өтілі бар.

Еңбек жолын 1994 жылы ҚР Ұлттық Банкі Ақмола облыстық басқармасының заң кеңесшісі болып бастады.

Кейіннен, 1995 жылдан бастап 2016 жылға дейін облыстық және республикалық деңгейдегі мемлекеттік органдарда әртүрлі маңызды және басшылық қызметтерді атқарды: Ақмола облысы бойынша баға және монополияға қарсы саясат комитеті; ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі; ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі; ҚР Қаржы министрлігі; ҚР Денсаулық сақтау министрлігі; ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі; ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, ТКШ және жер ресурстарын басқару істері комитеті.

«Тариф консалтинг» ЖШС, «Astana TRUST «Заң фирмасы» ЖШС, «Mabco Constructions S.A.» секілді жеке құрылымдарда заң жұмысының белгілі бір тәжірибесі бар.

1995 жылы Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер біліктілігі бойынша құқықтану мамандығы, Қазақ гуманитарлық заң академиясын (Алматы) Заң ғылымдарының кандидаты мамандығы бойынша тәмамдады.

2020 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетінде М.В. Ломоносов іскери әкімшілік магистрі (жоғары басқару деңгейі) - Executive Master of Business Administration (EMBA) «Ұзақ мерзімді экономикалық көшбасшылық: институционалды және жеке тиімділік» бағдарламасы бойынша оқудан өтті.

«Құрмет» орденімен және «Қазақстан Конституциясына - 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына - 20 жыл», «20 жыл Астана» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Қызметкер екінші бір жерде қосымша жұмыс істемейді. Еншілес ұйымдарға тиесілі акциялардың үлестері жоқ.


іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Казахстанский центр индустрии и экспорта