Шарлапаев Қанат Бисимбайұлы

Шарлапаев Қанат Бисимбайұлы

Басқарма Төрағасы

Қанат Шарлапаев ҚР Үкіметінің № 45 Қаулысына, ҚР Ұлттық экономика министрінің № 37 бұйрығына сәйкес 2022 жылғы 2 ақпанда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Банк саласында 17 жыл жұмыс өтілі бар.

Қанат Шарлапаев 1981 жылы Саратов облысында дүниеге келген.

Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін (РФ), Cranfield School of Management (Ұлыбритания) тәмамдаған. Еңбек жолын 2003 жылы банк секторында бастады.

2006-2008 жылдары өңірлік кеңсенің қаржы департаментінде, жобаларды басқару департаментінде, операциялық-технологиялық департаментінде, «Сити» инвестбанкінің сату басқармасында (Ұлыбритания, Чехия) жұмыс істеді.

2008-2014 жылдары - «Сити» инвестбанк акциялар нарығында жұмыс жөніндегі өңірлік дивизионының аға талдаушысы, вице-президентінің көмекшісі, вице-президенті (Лондон, Ұлыбритания).

2014-2015 жылдары – «Сити» инвестбанкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша стратегиялық жоспарлау және талдау өңірлік тобының вице-президенті (Лондон, Ұлыбритания).

2015-2017 жылдары - Ситибанк Қазақстанның Бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті.

2017-2020 жылдары - Ресей Ситибанкінің Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті.

2020-2022 жылдары – «Сити» инвестициялық банкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры.

Ұлыбритания азаматтығына ие. Үйленген, 3 баланың әкесі.

2022 жылғы 28 қыркүйектен бастап Холдингтің Директорлар кеңесінің Жалғыз акционердің шешімімен сайланды.

Үлестес ұйымдарға тиесілі акцияларда үлесі жоқ. 

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар
  • Казахстанский центр индустрии и экспорта