Жамаубаев Ерұлан Кенжебекұлы

Жамаубаев Ерұлан Кенжебекұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

1974 жылы 25 наурызда туылған.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, Т. Рысқұлов атындағы  Қазақ экономикалық университетіне қарасты Халықаралық бизнес мектебін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша  бітірген. Халықаралық қаржы ұйымдар мен батыс елдерінің орталық (ұлттық) банктерінде «Макроэкономикалық және қаржылық саясат», «Европалық орталық банкінің монетарлық саясаты Стратегиясы және оны жүргізудің ерекшеліктері», «Макроэкономикалық басқару», «Қаржы нарығының құралдары», «Қаржылай тұрақтылық» бағыттары бойынша біліктілікті арттыру (тағылымдамадан өту) курстарын тәмамдаған.

 Еңбек жолын  Қазақ мемлекеттік басқару академиясының  оқытушы – стажер, оқытушысы болып бастады.

1998-2006 жылдары – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Зерттеулер және статистика департаментінің жетекші сарапшысы, бас сарапшысы, бас маман-сарапшысы, басқарма бастығы, директор орынбасары.

2006-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Үйлестіру департаментінің директоры.

2014-2015 жылдары – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ-ның басқарушы директоры.

2015 жылғы шілде мен қараша аралығында – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2015 - 2018 жыл аралығында -  Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.

2018 - 2019 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі.

2019 - 2020  жыл аралығында  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы.

2020 жылғы 18 мамырдан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы министрі.

2020 жылғы 25 маусымда Холдингтің  Жалғыз акционерінің шешімімен (Қазақстан Республикасы индустрия және индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрінің №371 бұйрығы) «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамына сайланды.

Азаматтығы – Қазақстан Республикасы.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымында алғаш рет сайлану күні – 2020 жылғы 25 маусым (Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 371 бұйрығы).

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына тікелей немесе жанама түрде меншік құқығында немесе сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі заңды тұлғалардың, сондай-ақ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына өнім беруші және бәсекелес болып табылатын заңды тұлғаларға тиесілі акциялары мен үлестері жоқ.

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Казахстанский центр индустрии и экспорта