Қазақстанның дамуына бағытталған КӘСІПҚОЙЛАР
- Холдинг туралы
Туған күні: 1978 жылғы 5 сәуір.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары ретінде Холдингтің Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні: 13.01.2022 ж. (Қазақстан Республикасы Президентінің 13.01.2022 ж. № 766 Жарлығы)
Басқа ұйымдардың Директорлар кеңестеріндегі/Бақылау кеңестеріндегі жұмысы және оған мүшелігі: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің мүшесі (04.2019-01.01.2020).
Білімі: С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «әлеуметтік саладағы экономика және менеджмент» мамандығы және «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Мэриленд университетін (АҚШ) тәмәмдап, іскерлік әкімшілендіру магистрі атанды, «қаржы» мамандығы бойынша бизнес магистрі, Ұлыбританиядағы алқабилік бухгалтерлер және аудиторлар қауымдастығының сертификатының иегері.
Жұмыс тәжірибесі:
2009-2012 жылдары – Дүниежүзілік банктің Қазақстан бойынша Басқарушысының орынбасары және Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстан бойынша Басқарушысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі.
2012 жылғы ақпан мен 2016 жылғы желтоқсан аралығында – Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқасының мүшесі (Министр).
2016 жылғы желтоқсан мен 2019 жылғы 1 наурыз аралығында – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі.
2019 жылғы 1 наурыз бен 2019 жылғы 22 наурыз аралығында – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары.
2019 жылғы 22 наурыздан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
2019 жылғы 22 шілдеден бастап – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
2022 жылғы 13 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
Марапаттары: «Құрмет» ордені (2018 ж.), «Астанаға 10 жыл» медалі (2008 ж.), «Ерен еңбегі үшін» медалі (2012 ж.), «Астанаға 20 жыл» медалі (2018 ж.), «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» медалі (2019 ж.).
Холдингтің акцияларын, сондай-ақ Холдингтің өнім берушілері мен бәсекелестері болып табылатын заңды тұлғалардың акциялары мен қатысу үлестерін иеленбейді.