Смайылов Әлихан Асханұлы

Смайылов Әлихан Асханұлы

Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Туған күні: 1972 жылғы 18 желтоқсан.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Холдингтің Директорлар кеңесінің құрамына Холдингтің Директорлар кеңесінің төрағасы болып бірінші сайланған күні: 04.02.2022 ж. (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 04.02.2022 Ж. № 50 бұйрығы).

Басқа ұйымдардың Директорлар кеңестеріндегі/Бақылау кеңестеріндегі жұмысы және оған мүшелігі: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2019 жылғы 17 сәуірден бастап), «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (03.2019-25.06.2020);  

Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтын бітіріп, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.   

Жұмыс тәжірибесі: Еңбек жолын «А-Инвест» инвестициялық-жекешелендіру қорының қызметкері ретінде бастады.

1995-1999 жылдары – Алматы қаласы әкімшілігінің Сауда және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы, ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы; ҚР Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары; ҚР Президенті Әкімшілігінің экономикалық сектор бөлімінің бас сарапшысы, меңгерушісі, мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарды.

1999-2003 жылдары – ҚР Статистика агенттігінің төрағасы;

2003-2006 жылдары – ҚР сыртқы істер вице-министрі, «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы;

2006-2009 жылдары – ҚР қаржы вице-министрі, «ҚазАгро» ҰБХ президенті;

2009-2014 жылдары – ҚР Статистика агенттігінің төрағасы;

2014-2015 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің төрағасы;

2015-2018 жылдары – ҚР Президентінің көмекшісі;

2018 жылғы қыркүйек пен 2019 жылғы ақпан арылығында – Қаржы министрі;

2019 жылғы 25 ақпанда Президент Жарлығымен Премьер-Министрдің Бірінші Орынбасары – Қаржы министрі қызметіне тағайындалды. 2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды.

Марапаттары мен құрметті атақтары: «Парасат» ордені (12.2020 ж.), «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» II дәрежелі (08.05.2015 ж.), «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» (29.05.2019 ж.) медальдары; «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі (12.2019 ж.).

Холдингтің акцияларын, сондай-ақ Холдингтің өнім берушілері мен бәсекелестері болып табылатын заңды тұлғалардың акциялары мен қатысу үлестерін иеленбейді.

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар