Скляр Роман Васильевич

Скляр Роман Васильевич

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Холдингтің Директорлар кеңесінің мүшесі

Туған күні: 1971 жылғы 8 мамыр.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары ретінде бірінші сайланған күні: 11.01.2022 ж. (Қазақстан Республикасы Президентінің 11.01.2022 ж. № 756 Жарлығы).

Басқа ұйымдардың Директорлар кеңестеріндегі/Бақылау кеңестеріндегі жұмысы және оған мүшелігі: «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің төрағасы (23.11.2019 ж.-03.2021 ж.), «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесі.

Білімі: Павлодар мемлекеттік университетін «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын «экономист» мамандығы бойынша, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Жұмыс тәжірибесі: Еңбек жолын «Экибастузуглеавтоматика» монтаждау-жөндеу басқармасында слесарь-монтажшы қызметінен бастаған.

1990-2011 жылдары – Павлодар қаласы Мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы, Павлодар қаласы әкімінің Аппарат басшысы, орынбасары, Астана қаласы әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі, Астана қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры (басқарма бастығы), Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2011-2016 жылдары – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі, 2014-2016 жылдары – «Қазақстан Темір Жолы» АҚ вице-президенті.

2016 жылғы мамыр мен желтоқсан аралығында – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.

2016 жылғы желтоқсан мен 2017 жылғы желтоқсан аралығында – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі.

2018 жылғы қаңтар мен 2019 жылғы ақпан аралығында – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі.

2019 жылғы 25 ақпан мен 2019 жылғы 17 қыркүйек аралығында – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

2019 жылғы 18 қыркүйектен бастап – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.

2022 жылғы 11 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

2022 жылғы 4 ақпаннан бастап – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

2023 жылғы 5 қаңтардан бастап - «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

2024 жылғы 5 ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Марапаттары: «Құрмет» ордені (2010 ж.), «Парасат» ордені (2017 ж.), «Астанаға 10 жыл» медалі (2008 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011 ж.), «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» медалі (2019 ж.), «Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі.

Холдингтің акцияларын, сондай-ақ Холдингтің өнім берушілері мен бәсекелестері болып табылатын заңды тұлғалардың акциялары мен қатысу үлестерін иеленбейді.

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар