Кеңес ал!

Шарлапаев Қанат Бисимбайұлы

Шарлапаев Қанат Бисимбайұлы

Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі, Холдингтің Директорлар кеңесінің мүшесі

Туған күні: 1981 жылы 09 шілде.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Холдингтің Директорлар кеңесінің құрамына сайлануы:

2025 жылғы 17 сәуір Холдингтің жалғыз акционерінің шешіміне, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің № 123 бұйрығына сәйкес.

Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін, Крэнфилд менеджмент мектебін (Ұлыбритания) бітірген.

Жұмыс тәжірибесі:               

2006-2008 жылдары – «Сити» инвестициялық банкінің Лондон, Прага қалаларындағы қаржы департаментінің маманы;

2008-2014 жылдары – «Сити» инвестициялық банкінің (Ұлыбритания) нарықтағы акциялар жұмысы жөніндегі өңірлік дивизионының аға талдаушысы, кіші вице-президенті, вице-президенті;

2014-2015 жылдары – Ұлыбританияның «Сити» инвестициялық банкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша Стратегиялық жоспарлау және талдау өңірлік тобының вице-президенті;

2015-2017 жылдары – «Қазақстан Ситибанкінің» бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті;

2017-2020 жылдары – Ресей Федерациясының «Сити» инвестициялық банкінің Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті;

2020-2022 жылдары – «Сити» инвестициялық банкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры;

2022 жылғы ақпан-2023 жылғы қыркүйек аралығында – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;

2023-2025 жылдары – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі;

2025 жылдың 28 ақпанынан бастап Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі.

Холдингтің акцияларын, сондай-ақ Холдингтің өнім берушілері мен бәсекелестері болып табылатын заңды тұлғалардың акциялары мен қатысу үлестерін иеленбейді.

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар