Мари-Элен БЕРАР

Мари-Элен БЕРАР

Холдингтің Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор, "Бәйтерек "ҰБХ"АҚ Директорлар кеңесінің Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы.

Туған күні: -

Азаматтығы: Франция.

Білімі: Ұлттық басқару мектебін (Париж (1970/1972 жылдар), Саяси зерттеулер институтын (Париж (1969 жылы) бітірген, заң магистрі, Париж университеті (1969 жылы).

Жұмыс тәжірибесі:

1986 жыл мен 1988 жыл аралығында – Премьер-Министр Жак Ширак мырзаның кеңесшісі. Әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту, иммиграция, кәсіподақ қатынастары, денсаулық сақтау.

1988 жыл мен 1989 жыл аралығында – «Марсо Инвестментс», Француздық жеке капиталды басқарушы. Басқарушы директордың орынбасары.

1990 жыл мен 2000 жыл аралығында – «Кредит Коммерсиаль де Франс».

Компанияның басшылық құрамының мүшесі (жобалық қаржыландыру, экспорттық кредиттеу, бірігу және қосу, жекешелендіру).

2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Парижде орналасқан және Шығыс Еуропа мен бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде мамандандырылған инвестициялық консалтингтік компания «MHB SAS» Президенті/негізін қалаушы. Компания 2000 жылы құрылған.

2023 жылғы 5 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің № 2 бұйрығымен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор болып тағайындалды.

Холдингтің акцияларын, сондай-ақ Холдингтің жеткізушілері мен бәсекелестері болып табылатын заңды тұлғалардың акциялары мен қатысу үлестерін иеленбейді.
іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар