Қазақстанның дамуына бағытталған КӘСІПҚОЙЛАР
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
Туған күні: 1955 жылғы 1 маусым
Азаматтығы: Германия.
Білімі: Бингендегі Рейнланд-Пфальц Жоғары кәсіптік мектебінде «Жалпы машина жасау» мамандығы бойынша инженер дипломы бар.
Жұмыс тәжірибесі:
1982 жыл мен 1984 жыл аралығында – Кобленц қаласындағы Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі федералды агенттіктің қызметкері.
1984 жыл мен 1989 жыл аралығында – «Feinmechanische Werke Mainz GmbH» компаниясының жоба жетекшісі.
1989-1998 жылдары – «Feinmechanische Werke Mainz GmbH» техникалық директоры, ауа ағындары жүйесін дамыту жөніндегі басшы.
1998 жыл мен 2004 жыл аралығында – «Mannesmann Rexroth AG», кейін «Bosch Rexroth AG» Басқарма мүшесі, гидравлика саласына жауапты, 2001 жылдан бастап – автоматтандыру саласына жауапты.
2004-2022 жылдар аралығында – «Bosch Rexroth AG» компаниясының Басқарма төрағасы, өнеркәсіптік автоматтандыруға және функционалдық өндіріске жауапты, «Knauf Gruppe» компаниясының басқарушы серіктесі, өндіріс, сату, техникалық қамтамасыз ету және даму салаларына жауапты.
Жалғыз акционердің шешімімен, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №309 бұйрығымен «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Холдингтің акцияларын, сондай-ақ Холдингтің жеткізушілері мен бәсекелестері болып табылатын заңды тұлғалардың акциялары мен қатысу үлестерін иеленбейді.