Мамин Асқар Ұзақбайұлы

Мамин Асқар Ұзақбайұлы

Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

1965 жылғы 23 қазанда туған.

Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын инженер-құрылысшы, экономист мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын «Целинтяжстрой» тресінің құрастырушысы болып бастаған.

1996-2008 жылдар аралығында – Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Көлік және коммуникациялар вице-министрі, Индустрия және сауда бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі, Астана қаласының әкімі.

2008 жылдан 2016 жылдың қыркүйегіне дейін - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Президенті.

2016 жылдың желтоқсанынан 2017 жылдың 29 қарашасына дейін - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

2016 жылдың 9 қыркүйегінен - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары.

2019 жылдың 25 ақпанынан - Қазақстан Республикасының Премьер-министрі.

2019 жылдың 28 желтоқсанынан Холдингтің Жалғыз акционерінің шешімімен (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің № 953 бұйрығы) "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Азаматтығы - Қазақстан Республикасы.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып алғаш рет сайлану күні – 2019 жылғы 28 ақпан (Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 103 бұйрығы).

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына тікелей немесе жанама түрде меншік құқығында немесе сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі заңды тұлғалардың, сондай-ақ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына өнім беруші және бәсекелес болып табылатын заңды тұлғаларға тиесілі акциялары мен үлестері жоқ.

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Казахстанский центр индустрии и экспорта