Филип Йео

Филип Йео

Холдингтің Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор, Холдингтің Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау комитетінің төрағасы

Туған күні: 1946 жылғы 29 қазан.

Азаматтығы: Сингапур Республикасы.

Бірінші сайланған күні: 25.06.2013 ж. (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 25.06.2013 ж. № 471 бұйрығы).

Білімі: Сент-Джозеф институтын (Сингапур), Торонто университетін (Канада) бітірген.

Жұмыс тәжірибесі:

2007-2011 жылдары – Сингапур Премьер-Министрінің Кеңсесінде экономикалық даму мәселелері жөніндегі аға кеңесші.

2007-2018 жылдары – Сингапур Үкіметінің кәсіпорындарды дамыту жөніндегі агенттігі – SPRING төрағасы, ұйым қызметінің негізгі мақсаты сингапурлық шағын және орта бизнес компанияларын дамытуға көмек көрсету болып табылады.

2013 жылғы наурызда Ф. Йео Economic Development Innovations Singapore Pte Ltd экономикалық дамудың сервистік басқарушы компаниясын құрды және төрағасы болып тағайындалды, оның миссиясы шетелдік технологиялық парктер мен эко-қалаларды жоспарлау, дамыту және басқару болып табылады.

2010-2013 жылдары – Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Даму бағдарламасына сәйкес қатысушы елдер арасында мемлекеттік әкімшілендіруді және басқаруды ілгерілету және дамыту үшін Экономикалық және Әлеуметтік кеңес құрған БҰҰ Мемлекеттік басқару жөніндегі сарапшылар комитетінің мүшесі.

Қазіргі уақытта – Accuron Technologies и Economic Development Innovations Singapore Pte Ltd. төрағасы, Advanced MedTech Holdings төрағасы.

2013 жылғы 25 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

Холдингтің акцияларын, сондай-ақ Холдингтің өнім берушілері мен бәсекелестері болып табылатын заңды тұлғалардың акциялары мен қатысу үлестерін иеленбейді. 

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар
  • Казахстанский центр индустрии и экспорта