Қазақстанның дамуына бағытталған КӘСІПҚОЙЛАР
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
Туған күні: 1970 жылғы 21 мамыр
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.
Жалғыз акционердің шешімімен, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №309 бұйрығымен «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Білімі: Алматы энергетика институтын және Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолы:
1997-1998 жылдары – «Тұран әлем банкі» ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары;
1998 жылы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі;
1998-2000 жылдары – Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;
2000-2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі;
2001-2003 жылдары – Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және шағын бизнесті қорғау агенттігінің төрағасы;
2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрі;
2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі;
2012-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, Ұлттық экономика министрі;
2016-2017 жылдары – «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің басқарма төрағасы;
2017-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы;
2022-2025 жылдары – Алматы қаласының әкімі;
2025 жылғы қыркүйектен бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
Холдингтің акцияларын, сондай-ақ Холдингтің өнім берушілері мен бәсекелестері болып табылатын заңды тұлғалардың акциялары мен қатысу үлестерін иеленбейді.