Қазақстанның дамуына бағытталған КӘСІПҚОЙЛАР
- Холдинг туралы
Туған күні: 1961 жылғы 3 маусым
Азаматтығы: АҚШ.
Білімі: Витт мырза Батыс Мичиган университетінің (WMU) мемлекеттік басқару саласындағы ВBA (үздік) және қаржы саласындағы MBA дәрежесінің иегері. 2021 жылы Витт мырза университеттің кәсіби қызметінде жоғары деңгейге жеткен түлектерге арналған ең жоғары марапат – «WMU үздік түлегі» сыйлығын алған.
Жұмыс тәжірибесі:
Дэниел А. Витт 30 жылдан астам уақыт бойы еркін нарықтарды ілгерілетумен айналысады және экономикасы өтпелі елдерде салық, сауда және инвестициялау кедергілерін азайтуға ықпал етіп келеді. 85 елмен жұмыс істей отырып, инвестицияларды ынталандыратын экономикалық саясаттың реформаларын ілгерілету үшін мемлекеттік сектордың, жеке сектордың және ғалымдардың күш-жігерін біріктіретін бірегей бейтарап платформаны жасаушылардың бірі болды. Ресей Федерациясымен (1991), Қазақстан Республикасымен (1993), Вьетнаммен (1996), Иракпен (2004), Ливиямен (2006) және Мьянмамен (2012) халықаралық салық салу және инвестициялау мәселелерін талқылаған алғашқы шетелдіктердің бірі ретінде Витт мырза жаңадан ашылған шекара нарықтарында танымал сарапшы болып табылады.
Витт мырза 1993 жылы қыркүйекте оның қатысуымен құрылған Халықаралық салықтар және инвестициялар орталығының (ITIC) президенті болып табылады. ITIC – бұл салық және инвестициялық саясат пен әкімшілендіру саласындағы сенімді білім көзі ретінде мойындалған жаһандық бренд.
2023 жылғы 5 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің № 2 бұйрығымен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор болып тағайындалды.
Холдингтің акцияларын, сондай-ақ Холдингтің жеткізушілері мен бәсекелестері болып табылатын заңды тұлғалардың акциялары мен қатысу үлестерін иеленбейді.