Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы

Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

1964 жылы 19 мамырда туған

В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша және Санкт-Петербург мемлекеттік экономика және қаржы университетін бітірген.

2008 жылдан 2012 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Франкфурт-на-Майндегі (ГФР) Бас консулы, Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы, Бруней-Даруссаламдағы, Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.

2012 жылғы қазаннан 2014 жылғы 6 тамызға дейін - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жауапты хатшысы.

2014 жылғы 13 тамыздан 2015 жылғы 8 тамызға дейін - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы.

2015 жылғы 8 тамыздан 2016 жылғы қазанға дейін - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.

2016 жылғы 7 қазаннан 2018 жылғы 26 желтоқсанға дейін - Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

2018 жылғы 26 желтоқсаннан 2019 жылғы 18 қыркүйекке дейін - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.

2019 жылғы 19 қыркүйектен бастап - Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

2019 жылғы 21 қарашада Холдингтің жалғыз акционерінің шешімімен (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің № 870 бұйрығы) «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамына сайланды.

Азаматтығы – Қазақстан Республикасы.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымында алғаш рет сайлану күні – 2019 жылғы 19 қыркүйек (Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 қыркүйектегі № 727 бұйрығы).

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына тікелей немесе жанама түрде меншік құқығында немесе сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі заңды тұлғалардың, сондай-ақ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына өнім беруші және бәсекелес болып табылатын заңды тұлғаларға тиесілі акциялары мен үлестері жоқ.

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Казахстанский центр индустрии и экспорта