Әріпханов Айдар Әбдіразақұлы

Әріпханов Айдар Әбдіразақұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма Төрағасы

1974 жылы 28 қарашада туған.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық Академиясын, «Болашақ» Президенттік бағдарламасының аясында – Колумбия университетін (АҚШ) тәмамдады. 

Мемлекеттік қызметте және корпоративтік басқару саласында 20 жылдан астам еңбек өтілі бар.

1997 жылдан бастап 2004 жылға дейінгі аралықта Сырттан қарыз алу жөніндегі комитетінің бағдарламалық және әлеуметтік қарыздар бөлімінің бас маманы, Мемлекеттік сыртқы қарыз алу және мемлекеттік кепілдер басқармасының бағдарламалық және әлеуметтік қарыздар, қарыздарды жүзеге асыру бөлімдерінің жетекшісі, Үкіметтік қарыздар және мемлекеттік кепілдер басқармасының жетекшісі, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз және кредиттеу департаменті директорының орынбасары ретінде жұмыс атқарды.

2004 жылдың сәуірінен 2006 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Қаржы Вице-министрі.

2006 жылдан 2009 жылға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарды.

2010-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Ұлттық экономика Вице-министрі, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

2017 жылғы желтоқсаннан бастап – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы.

2019 жылғы 21 қарашада Холдингтің жалғыз акционерінің шешімімен (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің № 870 бұйрығы) «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамына сайланды.

Азаматтығы - Қазақстан Республикасы.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына алғаш рет сайлану күні – 2018 жылғы 10 қаңтар (Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 11 бұйрығы).

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына тікелей немесе жанама түрде меншік құқығында немесе сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі заңды тұлғалардың, сондай-ақ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына өнім беруші және бәсекелес болып табылатын заңды тұлғаларға тиесілі акциялары мен үлестері жоқ.

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Казахстанский центр индустрии и экспорта