Қазақстанның негізгі инвестициялық мүмкіндіктері
«Бәйтерек» Холдингі әлемдегі ең әсерлі және перспективалы инвесторлар үшін бірнеше инвестициялық өнім ұсынады.
«Бәйтерек» Холдингі әлемдегі ең әсерлі және перспективалы инвесторлар үшін бірнеше инвестициялық өнім ұсынады.
Кеңес ал!
17.02.2021 15:00 - 17.02.2021 16:00
Тіл: Қазақ
"Бәйтерек" Холдингі ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп фармацевтикалық кәсіпорындарды қолдау мәселелері бойынша онлайн-кеңес өткізеді. Іс-шараға ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Марат Омаров, "Бәйтерек" холдингі Басқарма төрағасының орынбасары Рустам Қарағойшин, сондай-ақ Холдинг, оның еншілес ұйымдары мен фармацевтикалық компаниялардың өкілдері қатысады.
Кездесу барысында Холдинг бизнесті қолдау құралдарымен таныстырады және фармацевтика саласындағы бәсекелестікті қорғау мәселелерін талқылайды.
25.12.2020 10:00 - 25.12.2020 18:00
Тіл: Қазақ
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні Нұр-Сұлтанда "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде білім беру және денсаулық сақтау қызметкерлеріне жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты тапсыру рәсімі және "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы "ИҰ" АҚ, Нұр-сұлтан қаласының әкімдігі, денсаулық сақтау министрлігі және білім және ғылым министрлігі арасында қол қойылған меморандумдар өтті.
Іс-шараға ҚР Білім және ғылым Вице-министрі Шолпан Каринова, Денсаулық сақтау Вице-министрі Әсем Нүсіпова, Нұр-сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ Басқарма төрағасы Айдар Арифханов және "Қазақстандық Ипотекалық Компания "ИҰ" АҚ Басқарма Төрағасы Әділ Мұхамеджанов қатысты.
16.12.2020 10:00 - 16.12.2020 18:00
Тіл: Қазақ
"Бәйтерек" холдингі мен оның еншілес ұйымдарының қызметкерлеріне ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР Премьер-Министрінің алғыс хаттары, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрмет грамоталары және Холдинг Басқармасы Төрағасының Алғыс хаттары тапсырылады.
15.12.2020 11:00 - 15.12.2020 12:00
Тіл: Қазақ
Халықаралық инвесторлар үшін денсаулық сақтау саласындағы "Алматы қаласында 300 төсектік көп бейінді университеттік аурухана салу және пайдалану" концессиялық жобасының таныстырылымы онлайн-форматта өтеді.
Роуд-шоу аясында тұсаукесерді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Еуропалық Қайта Құру және даму банкімен бірлесіп, "Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы - "Kazakhstan Project Preparation Fund"ЖШС-нің қатысуымен өткізеді.
Қатысуға мемлекеттік органдардың, медициналық сектордың, денсаулық сақтау объектілеріне қызмет көрсетудің, отандық және шетелдік қаржы ұйымдарының өкілдері шақырылды.
Қатысушыларға жобаның техникалық, экономикалық және құқықтық аспектілерімен танысуға мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ, олар концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың рәсімдері туралы хабардар етіледі.
Өткізу орны / форматы: онлайн
Басталуы Нұр-сұлтан қ. уақытымен 12.00-де (басталуы Ыстамбұл қ. уақытымен 9.00-де)
11.12.2020 12:00 - 11.12.2020 18:00
Тіл: Қазақ