Sustainable Fitch
Sustainable Fitch «Бәйтерек» холдингі ESG-рейтингінің 3-деңгейіне ие болды
2023 жылғы 26 желтоқсанда Sustainable Fitch рейтинг агенттігі “Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі АҚ-ға (бұдан әрі – Бәйтерек, холдинг) алғаш рет ұйымдардың “3” дейгейлі ESG-рейтингін және 57 деңгейіндегі ұпайды белгіледі. Рейтинг компанияның тұрақты даму саласындағы стратегиясы мен бастамаларын, қаржылық қызметтегі ESG факторларын есепке алуды, сондай-ақ әлеуметтік кепілдік пен басқару тәжірибесін білдіреді.

Sustainable Fitch халықаралық рейтингілік агенттігі «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің ESG рейтингін «3» деңгейінде растады және оның ұпайын «57»-ден «59»-ға дейін көтерді. Бұл нәтиже Холдингтің тұрақты даму стратегиясын сәтті жүзеге асырып, ақпаратты ашып көрсету бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін көрсетеді.

Агенттіктің есебінде Холдингтің ESG саласындағы ұзақ мерзімді мақсаттары мен экологиялық көрсеткіштерді ашып көрсету бағытындағы жұмысы жетілдіруді талап ететін маңызды бағыт ретінде атап өтілген. «Бәйтерек» холдингі – мемлекет толықтай иелік ететін интеграцияланған даму институты. Топ құрамына жеті еншілес ұйым кіреді және ол Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық міндеттерін іске асыруда маңызды рөл атқарады. Холдингтің қызметі микро-, шағын, орта және ірі бизнесті, экспорттық операцияларды, венчурлық бизнесті, ауыл шаруашылығын және тұрғын үй қаржыландыруын қолдауға бағытталған.

2023 жылы «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары жасыл жобаларды, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін дамытуға, су ресурстарын тиімді пайдалануға және экологиялық таза көлік құралдарын қолдауға бағытталған қаржыландыру көлемін арттырды. Сондай-ақ, топ ресурстарды тұтынуды азайту және қоршаған ортаға теріс әсерді азайту бойынша шараларды жүзеге асыруда. Холдинг ISO 14001:2015 стандарты бойынша сертификатталған экологиялық менеджмент жүйесін енгізді.

Холдингтің қызметі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдауда маңызды әлеуметтік әсер етеді. 2024 жылы «Бәйтерек» холдингі БҰҰ Жаһандық шартына қосылып, адам құқықтары саласындағы саясатты әзірледі.

«Бәйтерек» холдингінің корпоративтік құрылымында 10 мүшеден, оның ішінде үш тәуелсіз директордан тұратын директорлар кеңесі жұмыс істейді. Тәуекелдерді басқару, директорлар кеңесі мен басқарма арасындағы міндеттерді бөлу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша тиімді шаралар жоғары басқару стандарттарын қамтамасыз етеді.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ESG қағидаттарына сәйкес өз қызметін жетілдіруді және тұрақты даму бойынша ұзақ мерзімді мақсаттарын қолдауды жалғастырады.

Анықтама:
 Sustainable Fitch – ұйымдардың тұрақты даму деңгейін бағалайтын халықаралық агенттік. ESG рейтингі компаниялардың тұрақты болашаққа қосқан үлесін сипаттайтын экологиялық, әлеуметтік және басқару факторларын бағалау негізінде құрылады.

FitchRaitings

Fitch «Бәйтерек» холдингінің рейтингін «ВВВ» деңгейінде «Тұрақты» болжамда растады.

2024 жылғы 22 қазанда Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «ВВВ» деңгейіндегі «Тұрақты» болжамында шетел және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді рейтингін растады. 

Рейтингті растау "Бәйтерек" холдингінің қаржылық тұрақтылығын, сондай-ақ оның мемлекеттік даму институты ретінде әрекет ететін және мемлекеттің экономикалық саясатын іске асыруда маңызды рөл атқаратын ұлттық басқарушы компаниясы ретіндегі мәртебесін көрсетеді.


2023 жылғы 26 қазанда Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «ВВВ» деңгейіндегі «Тұрақты» болжамында шетел және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді рейтингін растады. Рейтингті растау Fitch-тің Қазақстан Үкіметінің (BBB/Тұрақты/F2) Бәйтерекке қолдау көрсету қабілеттілігі мен дайындығына қатысты болжамдарын көрсетеді

2022 жылғы 2 қарашада Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «ВВВ» деңгейіндегі «Тұрақты» болжамында шетел және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді рейтингін растады.

2021 жылғы 3 қарашадағы шолу нәтижелері бойынша Холдингтің рейтингі «ВВВ» деңгейінде тұр, болжам – «Тұрақты». Бұл шолу рейтингтік әрекет емес (Review - No Action).

2020 жылғы 30 желтоқсанда Fitch Ratings «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ – «ВВВ» рейтингтерін растады, болжам «Тұрақты».

2020 жылғы 26 қазандағы шолу нәтижелері бойынша «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ рейтингі «ВВВ» деңгейінде тұр, болжам – «Тұрақты».

2019 жылғы 30 желтоқсанда Fitch Ratings «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ рейтингі "ВВВ" деңгейінде тұр, болжам – "Тұрақты", |F2| .

2019 жылғы 2 мамырда Fitch Ratings «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ рейтингтерін растады, Қазақстан: шетелдік және ұлттық валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін («РДЭ») «BBB» деңгейінде, «AAA(kaz)» ұлттық ұзақ мерзімді рейтингін және шетелдік валютадағы қысқа мерзімді РДЭ «F2» деңгейінде растады. Ұзақ мерзімді рейтингтер бойынша болжам – «Тұрақты».

2018 жылғы 4 мамырда Fitch Ratings «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ рейтингтерін растады, Қазақстан: шетелдік және ұлттық валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін («РДЭ») «BBB» деңгейінде, «AAA(kaz)» ұлттық ұзақ мерзімді рейтингін және шетелдік валютадағы қысқа мерзімді РДЭ «F2»деңгейінде растады. Ұзақ мерзімді рейтингтер бойынша болжам – «Тұрақты».

2017 жылғы 5 мамырда Fitch эмитетке шетел валютасындағы ұзақ мерзімді ЭДР BBB/тұрақты деңгейінде растады (егемендіге сәйкес келеді). Ұзақ мерзімді рейтингтер бойынша болжам – «Тұрақты».

2016 жылғы 6 мамырда Fitch Ratings Қазақстан Республикасының шетел валютасындағы ұзақ мерзімді ЭДР төмендегеннен кейін шетел валютасындағы ұзақ мерзімді ЭДР «ВВВ+»-ді «ВВB»-ге дейін төмендетті, ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді ЭДР «A-»-дан «BBB»-ге дейін төмендеген, ұлттық ұзақ мерзімді рейтингісі «AAA(kaz)» деңгейінде, шетел валютасындағы қысқа мерзімді ЭДР «F2» деңгейінде. Ұзақ мерзімді рейтингтер бойынша болжам – «Тұрақты».

2015 жылғы 13 шілдеде Fitch Ratings Эмитенттің рейтингтерін растады: шетел валютасында «BBB+» ұзақ мерзімді ЭДР, ұлттық валютада  «A-» ұзақ мерзімді ЭДР, «AAA(kaz)» ұлттық ұзақ мерзімді рейтингісі және шетел валютасында «F2» қысқа мерзімді ЭДР. Ұзақ мерзімді рейтингтер бойынша болжам – «Тұрақты».

2014 жылғы 14 шілдеде Fitch Ratings Эмитентке шетел валютасында «BBB+» ұзақ мерзімді ЭДР, ұлттық валютада «A-» эмитент дефолтының ұзақ мерзімді ЭДР, «AAA(kaz)» ұлттық ұзақ мерзімді рейтингісін және шетел валютасында «F2» эмитент дефолтының қысқа мерзімді ЭДР берді. Ұзақ мерзімді рейтингтер бойынша болжам – «Тұрақты».

Moody's

2024 жылғы 11 қыркүйекте Moody's Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның ұзақ мерзімді рейтингін егеменді рейтингтер көтерілгеннен кейін «Baa2» – ден «Baa1»-ге дейін көтерді. Холдингтің ұзақ мерзімді рейтингтері бойынша болжам, сондай-ақ эмитент бойынша болжам егеменді рейтингке сәйкес «тұрақты» деңгейде белгіленген.

2023 жылғы 31 қазанда Moody 's Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ эмитентінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингін Baa2/Prime-2 деңгейінде растап, «позитивті» деңгейіне жақсартты.

Эмитент бойынша болжам Қазақстан Республикасының егеменді рейтингіне сәйкес жақсарды. Агенттіктің пікірінше, холдинг елдің экономикалық дамуындаа маңызды рөл атқарады, мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың негізгі арнасы болып табылады және Қазақстан Республикасының Үкіметіне 100% тиесілілігінің арқасында орнықты позицияларға ие.       

Айта кетейік, 2023 жылғы 26 қазанда Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Бәйтерек» ҰБХ” АҚ-ның «тұрақты» болжамымен «ВВВ» деңгейіндегі ұзақ мерзімді рейтингін растады.

2023 жылғы 4 сәуірде Moody's Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі ресми сайтта «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ бойынша жаңартылған кредиттік талдауды жариялады.
Baa2 (stable1) жаһандық шкаласы бойынша «Бәйтерек» холдингінің рейтингі холдингтік компанияның Қазақстан экономикасын дамытудағы маңызды рөлін, оның мемлекетпен берік институционалдық және қаржылық өзара байланысын көрсетті. Холдинг елдің экономикалық тұрғыдан дамуына ықпал етуде маңызды рөл атқарады және негізгі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік қаржыландыру арнасы ретінде қызмет етеді. Қаржылық көрсеткіштерді бақылауды және негізгі көрсеткіштерді бекітуді қоса алғанда, Холдинг тобын 100% иелену және Бәйтерек холдингінің бизнес-қызметіне қатысу арқылы Холдинг мемлекетпен жоғары интеграцияланған.
Эмитент бойынша болжам Егеменді рейтингке сәйкес «тұрақты» деңгейде қалып отыр. 

2022 жылғы 12 сәуірде Moody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ рейтингтерін Baa2 деңгейінде растады. Холдингтің ұзақ мерзімді рейтингтері бойынша болжам, сондай-ақ эмитент бойынша болжам тәуелсіз рейтингке сәйкес «тұрақты» деңгейде сақталады.

2021 жылғы 17 тамызда Moody' s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ұзақ мерзімді рейтингін «Baa3»-тен «Baa2»-ке дейін және Эмитенттің қысқа мерзімді рейтингін «P-3»-тен «P-2»-ге дейін егеменді рейтингтер жоғарылағаннан кейін көтерді. Холдингтің ұзақ мерзімді рейтингтері бойынша болжам, сондай-ақ эмитент бойынша болжам тәуелсіз рейтингке сәйкес «тұрақты» деңгейде белгіленген. 

2021 жылғы 11 наурызда Moody ' s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі Холдингтің "Baa3" деңгейіндегі ұзақ мерзімді рейтингін растады, болжам – "позитивті".

2020 жылғы 6 тамыздағы шолу нәтижелері бойынша «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ рейтингі "Ваа3" деңгейінде, болжамы - "позитивті".

2020 жылғы 1 маусымдағы шолу нәтижелері бойынша «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ рейтингі "Ваа3" деңгейінде, болжамы - "позитивті".

2020 жылғы 14 ақпандағы шолу нәтижелері бойынша «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ рейтингі "Ваа3" деңгейінде, "позитивті" болжамы.

2019 жылдың 27 тамызында Moody ' s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі Холдингтің ұзақ мерзімді рейтингтері бойынша болжамын "Тұрақты" деген көрсеткіштен "Оң" деп бағалап қайта қарады.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ рейтингі Қазақстанның егеменді рейтингтерін көрсетеді. Moody’s пікірі бойынша «Бәйтерек» холдингі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаржылық тұтқасы болып табылады және Қазақстанның экономикалық дамуында ерекше рөл атқарады.

2018 жылғы 2 сәуірдегі, 2018 жылғы 17 қыркүйектегі және 2019 жылғы 19 ақпандағы шолулардың нәтижелері бойынша «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ рейтингі "Baa3" деңгейінде сақталып тұр, алдағы болжам – "Тұрақты".

2017 жылғы 4 қазанда Moody’s Investors Service халықаралық рейтингілік агенттігі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға ғаламдық шәкіл бойынша «Ваа3» деңгейіндегі рейтингін берді, болжам – «Тұрақты». Сонымен қатар «Ааа.kz» деңгейіндегі ұзақ мерзімді ұлттық рейтингісін тағайындаған.


Standard&Poor's

2017 жылғы 11 тамызда Standard & Poor’s өтініш жасауына байланысты эмитенттің барлық рейтингілерін қайтарып алды. Қайтарып алу алдында Standard & Poor’s Холдингтің «ВВ-/В» деңгейінде шетелдік және ұлттық валютадағы міндеттемелер бойынша қысқа мерзімді кредиттік рейтингілерін растады.

2017 жылғы 30 маусымда Standard & Poor's эмитент рейтингі ВВ-/В деңгейіне дейін төмендетілген. Рейтингілердің өзгеру болжамы - «Негативті».

2016 жылғы 30 маусымда Standard & Poor's Холдингтің рейтингісін растады: контр агенттің шетелдік және ұлттық валютадағы міндеттемесі бойынша кредиттік рейтингісі «ВВ+/B», сондай-ақ ұлттық шкала бойынша рейтингі «kzAA-». Рейтингілердің өзгеру болжамы - «Негативті».

2016 жылғы 24 ақпанда Standard & Poor's Қазақстан Республикасында ұзақ мерзімді тәуелсіз кредиттік рейтингісінің төмендеуінен кейін Холдингтің контрагенттің шетелдік және ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша кредиттік рейтингілерін «ВВВ-/А-3» деңгейінен «ВВ+/B» деңгейіне дейін, сондай-ақ ұлттық шакала бойынша рейтингін «kzAA» деңгейінен «kzAA-» деңгейіне дейін төмендетті. Рейтингілердің өзгеру болжамы - «Негативті».

Рейтингтің төмендеуі мемлекеттік қолдау алу мүмкіндігін бағалаудың өзгеруімен байланысты.

2015 жылғы 10 шілдеде Standard & Poor's контрагенттің шетелдік және ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша кредит рейтингтерін «ВВВ+/А-2» деңгейінен «ВВВ-/А-3» деңгейіне дейін, сондай-ақ ұлттық шәкіл бойынша рейтингті «kzAA+» деңгейінен «kzAA» деңгейіне дейін төмендетті. Рейтингтердің өзгеру болжамы - «Негативті».

Сондай-ақ, Эмитенттің ұлттық шкала бойынша рейтингтері  «kzAAA»-дан «kzAA+»-ке дейін төмендеді. Эмитенттің рейтингтері Қазақстан Республикасының егеменді рейтингтеріне сәйкес келеді.

2015 жылғы 12 ақпанда Standard & Poor’s  Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді егеменді кредиттік рейтингтерін төмендеткеннен кейін Эмитенттің шетел және ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтерін «ВВВ+»-тан «ВВВ»-ге дейін төмендетті. Бірмезетте Эмитенттің шетел және ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша қысқа мерзімді кредиттік рейтингтері «А-2» деңгейінде расталды. Рейтингтер өзгерістерінің болжамы – «Негативті».

2014 жылғы 13 тамызда Standard & Poor’s «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ контрагенттің «ВВВ+/А-2» деңгейіндегі шетелдік және ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша кредит рейтингтерін, сондай-ақ «kzAAA» ұлттық шәкілі бойынша рейтинг тағайындады. Рейтингтердің өзгеру болжамы – «Негативті».

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар