Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А Экран дикторы

Әділ және адал сатып алулар
"Бәйтерек" холдингі сатып алуларды әділ және адал етуге ұмтылады

Кеңес ал!

Сатып алу ережелері

«Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамы сатып алу қызметін жүзеге асыру кезінде 2021 жылғы 8 маусымдағы № 47-VII ҚРЗ «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын басшылыққа алады. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 желтоқсанда № 25488 болып тіркелген.

1. Сатып алу жоспары

Сатып алу жоспар(лар)ын тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе тапсырыс берушінің өзге уәкілетті адамы және (немесе) алқалы органы тиісті бюджетті (өндірістік бағдарламаны және (немесе) инвестициялық бағдарламаны және (немесе) бюджетті және (немесе) даму жоспарын және (немесе) бизнес-жоспарды және (немесе) кірістер мен шығыстар сметасын) бекіту (нақтылау) жөніндегі алқалы органның отырысы хаттамасының үзінді-көшірмесін алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде бекітеді (нақтылайды).

2. Сатып алуды жүзеге асыру

Құрметті әлеуетті өнім берушілер!

Осы арқылы «Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді www.eep.mitwork.kz мекенжайы бойынша Еуразиялық электрондық сатып алу порталында жүзеге асыратынын хабарлаймыз.

Мүдделі әлеуетті өнім берушілер сатып алу порталында тіркеле алады және өткізілетін сатып алуға қатыса алады.

Сұрақтар бойынша +7-7172-91-91-48 телефоны арқылы хабарласуға болады.

3. Шарт жасасу

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттар Сатып алу қағидаларына сәйкес сатып алу веб-порталы арқылы жасалады, Сатып алу қағидаларында көзделген жағдайларды, сондай-ақ резидент емес тұлғалармен жасалатын және қағаз жеткізгіште ресімделетін шарттарды қоспағанда.

Сатып алу қорытындыларына шағымдану

Холдингтің және оның еншілес ұйымдарының әлеуетті жеткізушілері сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының бұзылуына тап болған жағдайда, тапсырыс берушінің әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне, шешімдеріне «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алулары туралы» Заңының 16-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Сатып алуларды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметке (СБОҚ) шағым жасауға құқылы.

Белгіленген мерзімдерде шағым берілген жағдайда, шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін СБОҚ тарапынан сатып алу туралы шарт жасасу тоқтатыла тұратынын атап өткен жөн. Шағымда көрсетілген фактілер расталған жағдайда, СБОҚ Заңда көзделген тиісті шараларды, оның ішінде сатып алу қорытындыларын жоюға дейінгі шараларды қабылдайды.

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамының немесе сатып алуды жүзеге асыратын оның еншілес ұйымдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне қатысты шағымды электрондық сатып алу ақпараттық жүйесі арқылы СБОҚ-қа жолдауға болады. Сондай-ақ шағымды мына мекенжай бойынша беруге болады: Қазақстан Республикасы, Z05T2H3, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55 А ғимараты.

ХОЛДИНГТІҢ
өнім берушілермен жұмысы

«Бәйтерек» Холдингінің 2025 жылы өнім берушілермен жұмысы

  • 184жасалған шарттар
  • 141жұмылдырылған жеткізушілер
  • ₸ 2.7 млрд тгШарттардың жалпы сомасы
Еншілес компанияларының
сатып алуы

Еншілес компанияларының сатып алуы

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ

https://qic.kz/o-nas/o-nas/zakupki/zakupki/

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

https://hcsbk.kz/purchase/activezakupki/

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

https://damu.kz/zakupki/zakupki/

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ

https://agrocredit.kz/main/our-activities/purchase/zakupki/

«Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы» АҚ

https://khc.kz/zakupki/406/3551/zakupki/

«Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ

https://kazakhexport.kz/kz/page/informaciya-dlya-postavshchikovzakupki/

«Қазақстанның Даму банкі» АҚ

https://www.kdb.kz/kz/purchases/annual-procurement-plan/zakupki/

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар