19.03.2025
- Холдинг туралы
Кеңес ал!
Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде 2020 жылдың 14 тамызында "Бәйтерек "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес құрылымынан жалпы көлемі 200 млрд теңге "Қазақстандық тұрақтылық қоры" АҚ кезекті облигациялық қарыз тартты.
Бұл қаражат облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің облигацияларын сатып алуға бағытталған.
Кәсіпкерлікті қолдаудың және еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің тиімді шарасы болып табылатын «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру 200 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Бұрын тартылған облигациялық қарыз есебінен жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде 150 мыңнан астам жұмыс орны құрылғанын атап өткен жөн.