08.11.2019

«Бәйтерек» холдингі ресейлік серіктестермен ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруда

«Бәйтерек» холдингі ресейлік серіктестермен ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруда

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов ресми делегация құрамында Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің қатысуымен Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының XVI Форумына қатысты. Іс-шара ағымдағы жылдың 6-7 қарашасында Омбы қаласында өтті және шекаралық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелеріне арналды.

 

Форум инвестиция тарту, бизнес-байланыстарды орнату, сондай-ақ Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін арттыру үшін тиімді алаңға айналды.

 

Осы іс-шара шеңберінде холдингтің компаниялар тобы отандық және ресейлік кәсіпорындармен ынтымақтастық туралы бірқатар құжаттарға қол қойды.

 

Осылайша, «KazakhExport» ЭСК» АҚ қазақстандық тауарлардың Ресей нарығына экспортын қолдауға бағытталған «KPS Steel» Сауда үйі (мұнай-газ саласы үшін жіксіз болат құбырлар өндіретін қазақстандық кәсіпорын) және «Контрол Лизинг» ЖШҚ (Ресей автолизинг компаниясы) компанияларымен келісімге қол қойды.

 

«Москоммерцбанк» КБ-мен (РФ-дағы Қазақстан Халық банкінің еншілес құрылымы) қол қойылған ынтымақтастық туралы келісім «KazakhExport» ЭСК» АҚ-ға «сауданы қаржыландыру» құралын іске асыруда тараптардың өзара іс-қимылын күшейтуге мүмкіндік береді.

 

«Даму» КДҚ» АҚ «Ресей шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау Банкі» АҚ-мен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Қол жеткізілген келісімдердің арқасында тараптар қаржы-кепілдік және ақпараттық-маркетингтік қолдауды және тәжірибе алмасуды қоса алғанда, кәсіпкерлерді қолдау шараларын іске асыруда ынтымақтасуға ниетті.

Сонымен қатар, форум барысында «Даму» Қоры «Әйел кәсіпкерлігі креативті экономика өсуінің драйвері ретінде» атты панельдік сессиясының үйлестірушісі болды.

 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастық форумы 2003 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл диалог алаңы өзін экономикалық байланыстарды нығайтудың тиімді мемлекетаралық құралы ретінде көрсетті.

 

2

 

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар