27.07.2019

«Бәйтерек» холдингі «Бірге – Таза Қазақстан!» эко-челленджіне қолдау көрсетті

«Бәйтерек» холдингі «Бірге – Таза Қазақстан!» эко-челленджіне қолдау көрсетті

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ республикалық экологиялық челленджге қолдау көрсетті.

 

Холдинг пен оның еншілес ұйымдарының 250 қызметкері елорда тұрғындары мен қонақтарымен бірге қала әкімі Алтай Көлгіновтың шақыруын қабыл алып. Ал қала басшысы болса, бұл эстафетаны акция бастамашысы – экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтан қабылдаған болатын.

 

Волонтерлер Есіл және Қарасу өзендерінің жағалауларын әуежайдан баста Қарағанды трассасына қарай айналып өтетін жерге дейін тазартты. Холдинг басқармасының төрағасы Айдар Әріпханов бастаған «Бәйтерек» холдингінің тату командасы Талапкер кентінде өзен бойында жұмыс істеді.

 

- Мен және менің әріптестерім экология мен қоршаған орта мәселесіне немқұрайды қарамаймыз. Барлығымыз мекендеп жатқан жерімізді тазартуға қатысты әңгіме қозғалған кезде шетте қалып қоюды қаламаймыз. Экологияға қамқорлық ету – бұл біздің ортақ міндетіміз. Сондықтан «Бәйтерек» холдингі «Бірге – Таза Қазақстан!» экологиялық челленджіне қуана қолдау көрсетті,- деді Айдар Әріпханов.

 

Естеріңізге сала кетейік, эко-сенбілік Қазақстанның барлық аймақтарында өтуде. Қоянды су қоймасының аумағында өткен бірінші акция барысында мыңнан астам қатысушы 10 тоннадан астам қоқыс жинаған болатын. Оған ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин мен Министрлер Кабинетінің мүшелері қатысты.

 

Айта кетейік, эко-акцияны Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев да қолдады.

«Үкімет пен азаматтық қоғамның бастамасы бойынша бүкіл ел бойынша қалыптасқан эко-челлендж қозғалысын батыл қолдаймын. Елді тазалық аумағына айналдырамыз. Бірге - Таза Қазақстан! Волонтерлер жарайсыздар!»,- деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-інде.

 

2

 

 

3

 

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар