29.11.2019

Қазақстандық IT-мамандар мен қаржыгерлер 2 млн теңге жүлде үшін бақ таластырады

Қазақстандық IT-мамандар мен қаржыгерлер 2 млн теңге жүлде үшін бақ таластырады

Алматыда жалпы жүлде қоры 2 миллион теңге болатын "Бәйтерек" холдингі мен QazTech Ventures еншілес ұйымдары мен тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ұйымдастырған Baiterek Hackathon басталды.

Қазақстанның түрлі қалаларынан келген 200-ден астам жас АТ-мамандары, студенттер мен техникалық факультеттердің түлектері тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің төрт шақыруы бойынша қызықты шешімдер әзірлеу мен бағдарламалауда өз күшін сынайтын болады. Әзірлеушілер, менеджерлер, қаржыгерлер мен дизайнерлер командаларына банк клиенттері үшін сервис жасау ұсынылады. Жас әзірлеушілер 2-ден 5 адамға дейін командалар құрамында бағдарламалық өнімдер мен сервистер құра алады. Жобаны жай идеядан бастап жұмыс істеп тұрған прототипке дейін жеткізу үшін 48 сағат беріледі.

 

1

 

Қазылар алқасы идеяның бірегейлігін, оның іске асырылуын, орналасуын, интерфейсін, функционалдығын бағалайды. Жеңіс сондай-ақ өз еңбегін топтар қаншалықты  таныстыра алатынына да байланысты болады. Басты шарт - жоба хакатонда әзірленуі және пайдалы өнім болуы тиіс.
 
"Бәйтерек" ҰБХ " АҚ қаржы холдингі ретінде бір жағынан Холдинг тобына инновацияларды енгізуді ынталандыруға бағытталған Хакатон өткізудің бастамашысы болды. Екінші жағынан, ол жас әзірлеушілер мен стартаперлерге корпоративтік сектордың қажеттіліктері мен проблемаларын түсінуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті "QazTech Ventures" АҚ Басқарма төрағасы Жандос Шаймарданов.

 

2

 

"Baiterek Hackathon-ға қатысатын барлық командалардың өздері айналысатын жобаларына "QazTech Ventures"-тен қаржыландыру алуға мүмкіндігі бар. Қазір олар тек өз шешімінің негізін құрайды, ал одан кейін олар осы шешім оңтайландырылған тауашаға орналасуын, мысалы, ҚТҚЖБ-ке орналасуын ойластыру қажет. Сол сәтте клиент Банкке кезек күтуге және уақыт жұмсауға мақсатты түрде барады. Біз жастарға үйдегі банкті пайдалана отырып, клиенттерге екі рет пернені басу арқылы онлайн қызмет алуға көмектесетін бағдарламалық қосымша жасауды ұсынамыз. Әзірлеушілер мен бизнес-инвесторлар арасындағы алшақтықты жою біздің негізгі мақсатымыз. Және стартаптар мен хакатондардың мәдениеті Қазақстанда дамып, өркендей беретіндей етіп жасау керек. Біз "Бәйтерек" Холдингі үшін мұндай хакатондар дәстүрлі болады деп үміттенеміз, – деп қорытындылады Әділ Нұрғожин.
 
Baiterek Hackathon сондай-ақ өнімді одан әрі әзірлеуге қатысушыларға көмектесетін жетекші жергілікті және шетелдік сарапшылар жүргізетін шеберлік сабақтар сериясы өтеді. Олардың ішінде TranSwap трансшекаралық төлемдердің белгілі платформасының негізін қалаушылардың бірі Бенджамин Вонг және Xfers басшысы Тяньяо Лью бар.
 
Baiterek Hackathon SmArt.Point Almaty бизнес-инкубаторын қолдады.
 

 

3

 

 

4

 

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар