14.07.2022

Қазіргі ахуал егіс алқабында еркінсуге мүмкіндік бермейді

Шаруаларды не мазалайды? Су тапшылығы, заманауи техникалар мен қосалқы бөлшектердің жетіспеушілігі және өнімнің аздығы.
Шаруаларды не мазалайды? Су тапшылығы, заманауи техникалар мен қосалқы бөлшектердің жетіспеушілігі және өнімнің аздығы. Ырысын жерден терген диқандар шығынға батпаудың амалын іздеп шырылдап жүр. Қазіргі ахуал егіс алқабында еркінсуге мүмкіндік бермейді. Тек саладағы соңғы жаңалықтарға бет бұрып, білікті мамандармен өзара тәжірибе алмасу ғана тығырықтан шығарады. Бүгін Ақмолада 150-ден астам компания қатысқан дәстүрлі халықаралық көрме өтті. "Дала күнінде" агроөнеркәсіптік кешеннің белді өкілдері мен қарапайым шаруалар бас қосты.

Көп функциялы комбайн, заманауи техника және жоғары өнімді жаңа сорттар. Осының барлығы "Дала күнінде" шаруалардың назарына ұсынылды. Мұнда отандық фермерлерден бөлек алыс-жақын шетелден де саланың серкелері жиналған. Олардың саны 5 мыңнан асады. Қонақтар назарына 500-ден астам техника қойылды. Алдымен көпшілік жаңа үлгімен сырттай танысты, кейіннен іс жүзіндегі жұмысына баға берді. Қай-қайсынан да кемшілік табу қиын. Талғамыңа келгенін таңдап, тиімді шартпен агронесие рәсімдеуге болады. Бұған шаруалар Бәйтерек холдингінің еншілес компаниясы "Аграрлық несие корпорациясы" арқылы қол жеткізе алады.

Нияз Көшкімбаев, «Бәйтерек» ҰБХ» Басқарушы директоры:
- Бұның барлығы жаңа технологиялар ғой. Осының барлығын өзіміздің жерде қолданған кезде ертең өзіміздің егістік екі есе көп шығады. Өзіміздің компания арқылы осы техниканың барлығын алуға болады. Биыл осы техниканың қымбаттауына байланысты қазіргі таңда осы ауылшаруашылық министрлігімен субсидия жағын да қарастырып жатырмыз.

Жалпы "Аграрлық несие" акционерлік қоғамы биыл шаруаларға 330 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр. Оның 182 млрдын беріп үлгерген. Ары қарай да шаруаларды қаржыландыруды жалғастырамыз дейді сала мамандары.

Олжас Баймаханов, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Нұр-Сұлтан қалалық филлиалы директорының орынбасары:
- Сыйақысы 1,5 проценттен 7 пайызға дейін техникаларға, көктемді егіндай жұмыстарын жасауға және мал алуға тиімді шартпен несиелердіреміз. Егер егін егетін болсаңыздар 1 жылға дейін беріледі, техника мал алуға 10 жылға дейін срок қарастырылған.

Сондай-ақ мұнда наурыз айында 75 мөлдекке түрлі дақылдардың жаңа спорттары егілген. Бүгінгі күні сол егіс алқабы жеміс беруге жақындады. Осылайша қарапайым шаруалар алдын ала жасалған эксперименттің куәгері болып, көңілінен шыққан түрлерін таңдауға мүмкіндік туды. Олардың арасында жоғары өнімді, су тапшылығына төзімді сорттар да бар.

Бекзат Аманов, Ақылбек Есімсейітов

Барлық жарияланымдар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар