- Холдинг туралы
Кеңес ал!
Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторын дамыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің басты институты - «Бәйтерек» холдингі стратегиясының негізгі міндеті болып табылады. Өткен жылдың өзінде ғана Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторын қаржыландыруға 715 млрд теңге бөлінді. 2018 жылы Холдинг өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылым саласындағы 30 ірі жобаны қаржыландырды, сондай-ақ ШОБ-қа 483 млрд теңге сомасына кредит берілді. Бұл жұмыстың негізгі нәтижелерін арнайы дайындалған инфографикадан табуға болады.
Анықтама үшін:
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және оны әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін арттыру арқылы Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы бойынша мақсаттарды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі институты. Холдинг құрамына «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ, «KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ, «QazTech Ventures» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС кіреді.