04.09.2019

Айдар Әріпханов: Президент отандық кәсіпкерлерді қолдауға зор көңіл бөлуде

Айдар Әріпханов: Президент отандық кәсіпкерлерді қолдауға зор көңіл бөлуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы көптеген мәселелерді қамтылды. Президент Үкіметке халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ел экономикасын дамытуға бағытталған нақты тапсырмалар берді. Қазақстандық кәсіпкерлерді қолдауға ерекеш назар аударды. 

 

Президенттің Жолдауында бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың операторы ретіндегі «Бәйтерек» холдингінің қызметіне ықпал ететін бірқатар тармақ бар.

Біріншіден, бүгінде мемлекет шағын және орта бизнеске үлкен қолдау көрсетуде. Мысалы, біздің еншілес ұйымымыз «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кредитке кепілдік беру құралдарын ұсынады. «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында шамамен 14,5 мыңға жуық жобаға жалпы сомасы 2,5 трлн теңге субсидияланды.

Мемлекет басшысы жаңа жобаларға басымдық бере отырып, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қаржылық қолдау жүйесін «қайта қалпына келтіру» қажет деп атап өтті. Үкіметке жаңа «Бизнестің жол картасы» шеңберінде алдағы үш жылда осы мақсатқа 250 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Біздің даму институттарымыз бұл жұмысқа белсенді қатысатын болады.

Екіншіден, Президент экспорттық компанияларды мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті. Бұл орайда, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы мен Қазақстанның даму банкі табысты жұмыс атқарып жатқанын атап өткім келеді. Мәселен, 2014-2018 жылдары KazakhExport 152 экспорттаушыға қолдау көрсетті. Қабылданған міндеттемелер көлемі 173 млрд теңге болып, экспорттық келісімшарттардың сомасы 841 млрд. теңгені құрады. ҚДБ 2015 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңде экспорттаушыларға қолдау көрсету үшін қайта игеруді ескере отырып, экспортқа дейінгі қаржыландыру арқылы 425,5 млрд. теңге ұсынды.

Сонымен бірге, Холдинг Мемлекет басшысының кәсіпкерлердің осы сегментін мемлекеттік қолдаудың тиімді шараларының жоқтығы жөніндегі ескертулерімен жұмыс жасауда. Ең алдымен, өнімдер алу саласында. Ықтимал импорттаушыларды іздеуде экспорттаушыларға көмек көрсету және шетелдік нарықтарға бағдар алу мәселесі бойынша KazakhExport өзінің шетелдік өкілдіктерін ашуда. Қазіргі уақытта компанияның Қазан (Ресей), Ташкент (Өзбекстан), Сиань (Қытай) және Душанбе (Тәжікстан) қалаларында өкілдері бар. 2019 жылдың соңында Мәскеу, Новосибирск, Минск және Бішкек қалаларында өкілдіктер ашу жоспарлануда.

Үшіншіден, Президент Үкіметке елдегі тұрғын үй құрылысының бірыңғай моделін жасауды, өзара сәйкес емес бағдарламаларды қабылдау тәжірибесінен алшақ болуды тапсырды. Бұл қажетті шара деп есептеймін. Бұған дейін «Бәйтерек» холдингі қажетті инженерлік, әлеуметтік және коммерциялық инфрақұрылымы бар тұрғын үйді салу мәселелерін жан-жақты қарастыратын Бірыңғай оператор құру идеясын ұсынған болатын.

Төртіншіден, Мемлекет басшысы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған жаңа «Бақытты Отбасы» бағдарламасына ерекше тоқталды. Жыл соңына дейін кемінде 6 мың отбасы осы бағдарлама бойынша жеңілдікті шарттармен баспана сатып алады. Бірінші кезекте, көп балалы және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар. 2020 жылдан бастап осындай 10 мың отбасы жыл сайын баспанамен қамтамасыз етілетін болады. Бұл міндет біздің еншілес ұйым - Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің мойнында. Біз сонымен қатар бағдарламаға қатысу үшін нақты критерийлерді анықтауға және оны қатаң басқаруды қамтамасыз етуге қатысатын боламыз.

Қорытындылай келе, Мемлекет басшысының Үкіметке жүктеген міндеттерін іске асыру «Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес ұйымдарының тікелей қатысуы мен жұмыс істеуін талап ететінін атап өткім келеді. Біз алға қойылған міндеттерді тиімді орындау үшін бар күшімізді салатын боламыз.

 

 

Барлық жарияланымдар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар