Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

24.07.2024 13:35:04

Холдинг өзінің (KZ2C00004323, KZAGb6) облигациялары бойынша алтыншы купонды төледі

22.08.2018

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде бірінші облигациялық бағдарлама мен облигациялардың бірінші шығарылымын тіркеу

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде бірінші облигациялық бағдарлама мен облигациялардың бірінші шығарылымын тіркеу

2014 жылғы 14 шілдеде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде облигациялық бағдарламаның  бірінші шығарылымы мен облигациялардың бірінші шығарылымының тіркеуін жүзеге асырды.  
Облигациялық бағдарламаның бірінші шығарылым көлемі – 76 095 125 000 (жетпіс алты миллиард тоқсан бес миллион жүз жиырма бес мың) теңге. Шығарылым Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік реестріне Е73 нөмерімен енгізілді. 
Бірінші облигациялық бағдарлама шегінде облигациялардың бірінші шығарылымның негізгі талаптары: 
1. Шығарылатын облигациялардың саны және облигациялар шығарылымының жалпы көлемі: 1) Шығарылатын облигациялардың саны – 23 000 000 (жиырма үш миллион) дана; 2) Номиналды құны бойынша облигациялар шығарылымының жалпы көлемі – 23 000 000 000 (жиырма үш миллиард) теңге.
2. Облигация түрі – қамтамасыз етілмеген купондық облигациялар. 
3. Бір облигацияның номиналды құны – 1 000 (бір мың) теңге.
4. Ұлттық сәйкестендіру нөмірі – KZP01Y20E730.
5. Облигацияларды орналастыруды бастау күні және оның айналымын бастау күні: облигациялардың шығарылымы мемлекеттік тіркеу күнінен кейінге жұмыс күн. Облигациялардың айналымы мерзімі облигациялар айналымы басталған күннен бастап                20 жылды құрайды.   
6. Акцияларды орналастыру тәсілі: заңнамаға сәйкес жазылу арқылы айналымның барлық мерзімі ішінде; облигациялар акцияға айырбасталмайды; эмитент облигациялардың орналастырылуын өздігінен жүзеге асырады. 
7. Облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі облигациялар айналымының барлық мерзімі ішінде тияқнақты болып табылады және облигациялардың номиналды құнынан жылдық  0,1% (нөл бүтін және оннан бір пайызды) құрайды.  Сыйақыны төлеу бір жылда 360 күн және бір айда 30 күн есебінен жылына екі рет жүргізіледі, тиісінше, облигацияларды орналастыру күнінен бастап әрбір 6 ай сайын, жыл сайын өтеу күніне дейін. 
8. Облигацияларды олардың номиналды күні бойынша өтеу облигацияларды өтеу  күнінде төлем жүзеге асырылатын кезеңнің соңғы күнінің басындағы жағдай бойынша облигациялардың реестрінде тіркелген облигациялар ұстаушылардың ағымдағы шотына облигацияларды өтеу күнінен бастап айналым кезеңі аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде ақшаны аудару арқылы сыйақы төлемімен бірге теңгемен жүргізіледі.  
9. Директорлар кеңесінің шешімі бойынша 2020 жылдан бастап, эмитенттің  үшінші тұлғаға сату құқығынсыз толық өтеу және/немесе ішінара сатып алу мақсатында барлық облигацияларды номиналдық құны бойынша сатып алуға  құқығы бар. Бұл ретте, сатып алу күніне дейін 10 (он) жұмыс күн бұрын эмитент тиісті хабарлама жолдау арқылы облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу мақсатында оларды сатып алу туралы ақпаратты облигациялар ұстаушыларының назарына жеткізеді. Облигацияларды сатып алу облигациялар бойынша есептелген сыйақының тиісті төлемімен бірге номиналды құны бойынша жүргізіледі. 
10. Орналастыру туралы шешімді қабылдау күн: 2014 жылғы 30 маусым («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесі ішкі отырысының №05/14 хаттамасы, №1 және №2 мәселелер).

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар