Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

01.04.2024 15:58:45

Холдинг өзінің (KZ2C00007383, BTRKb7) облигациялары бойынша алтыншы купонды төледі

28.08.2018

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның бірінші облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялардың екінші шығарылымын тіркеу

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның бірінші облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялардың екінші шығарылымын тіркеу

2015 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның бірінші облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялардың екінші шығарылымын тіркеуді жүзеге асырды. 
Бірінші облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялардың екінші шығарылымының негізгі талаптары:  
1. Шығарылатын облигациялардың саны және облигациялар шығарылымының жалпы көлемі: 
    1) Шығарылатын облигациялардың саны – 38 095 125 (отыз сегіз миллион тоқсан бес мың жүз жиырма бес) дана; 
    2) Номиналды құны бойынша облигациялар шығарылымының жалпы көлемі – 38 095 125 000 (отыз сегіз миллиард тоқсан бес миллион жүз жиырма бес мың) теңге.
2. Облигациялардың түрі – қамтамасыз етілмеген купондық облигациялар.
3. Бір облигацияның номиналды құны – 1 000 (бір мың) теңге.
4. Ұлттық сәйкестендіру нөмірі – KZP02Y20E738.
5. Облигацияларды орналастыруды бастау күні және оның айналымын бастау күні: облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу күнінен кейінгі жұмыс күні. Облигациялар айналымының мерзімі облигациялардың айналымы басталған күнінен бастап 20 жылды құрайды. 
6. Акцияларды орналастыру тәсілі: заңнамаға сәйкес жазылу арқылы айналымның бүкіл мерзімі ішінде; облигациялар акцияларға айырбасталмайды; эмитент облигацияларды орналастыруды дербес жүзеге асырады.
7. Облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі облигациялар айналымының бүкіл мерзімі ішінде тияқнақты болып табылады және облигациялардың номиналды құнынан жылдық 0,1 % (нөл бүтін және оннан бір пайызды) құрайды. Сыйақыны төлеу жылына 360 күн және айына 30 күн есебінен жылына бір рет, тиісінше, облигацияларды орналастыру күнінен бастап өтеу күніне дейін жыл сайын әрбір 12 айда жүргізіледі. 
8. Облигациялар облигацияларды өтеу күнінен бастап айналым кезеңі аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде облигацияларды өтеу күнінде төлем жүзеге асырылатын кезеңнің соңғы күннің басындағы жағдай бойынша облигациялардың тізілімінде тіркелген облигацияларды ұстаушылардың ағымдағы шотына ақшаны аудару арқылы сыйақы төлемімен бірге облигациялардың номиналды күні бойынша теңгемен өтеледі. 
9. Холдингтің Директорлар кеңесніңі шешімі бойынша эмитент 2020 жылдан бастап үшінші тұлғаға сату құқығынсыз толық өтеу және/немесе ішінара сатып алу мақсатында барлық облигацияларды номиналдық құны бойынша сатып алуға құқылы. Бұл ретте сатып алу күніне дейін 10 (он) жұмыс күн бұрын эмитент тиісті хабарлама жолдау арқылы облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу мақсатында оларды сатып алу туралы ақпаратты облигацияларды ұстаушылардың назарына жеткізеді. Облигацияларды сатып алу облигациялар бойынша есептелген сыйақының тиісті төлемімен бірге номиналды құны бойынша жүргізіледі. 
10. Орналастыру туралы шешімді қабылдау күні: 2014 жылғы 30 маусым («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің сырттай отырысының № 05/14 хаттамасы, №1 және № 2 мәселелер).

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар