Сыртқы аудит

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қаржылық есептілігінің сыртқы аудиторы

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар үшін аудиторлық ұйымды таңдау Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

2014 жылдан бастап «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ аудиторы «КПМГ-Аудит» ЖШС болып табылады.:

- «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесі отырысының 2014 жылғы 24 шілдедегі № 06/14 шешіміне сәйкес және сыйақы сомасы 24 640,00 мың теңге (ҚҚС-мен);

– «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесі отырысының 2015 жылғы 12 ақпандағы № 02/15 2015-2018 жылдарға арналған шешіміне және сыйақы сомасы жыл сайын 26 600,00 мың теңге (ҚҚС-мен) ;

– «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесі отырысының 2019 жылғы 15 мамырдағы № 04/19 шешіміне сәйкес 2019-2021 жылдарға және сыйақы сомасы тиісінше жылдар бойынша 42 560,00 мың теңге, 45 584,00 мың теңге, 48 720,00 мың теңге (ҚҚС-мен).

2019-2021 жылдар кезеңінде «КПМГ-Аудит» ЖШС сыртқы аудиторы «Бәйтерек» ҰБХ» үшін қаржылық есептілік аудитіне байланысты емес, аудиторлық ұйымға төленетін сыйақының жалпы құнының 50% - ынан астамын құрайтын консультациялық қызметтер көрсеткен жоқ.

Ішкі аудит

Ішкі аудиттің міндеті тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде объективті ішкі аудиторлық тексерулер жүргізулер, ұсыныстар беру және білім алмасу арқылы ұйымдастыру құнын сақтап қалу және арттыру болып табылады.

Ішкі аудиттің тәуелсіздігін және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Ішкі аудит қызметі (ІАҚ) «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің тікелей басқаруындағы орган болып табылады және соның алдында өз жұмысы туралы есеп береді.

Қазақстан Республикасының заңнамасының, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Жарғысы мен Корпоративтік басқару кодексінің, ІАҚ туралы Қағиданың және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Ішкі аудитті ұйымдастыру ережелері нормаларының талаптарына сәйкес – ІАҚ өз қызметін атқару кезінде ішкі аудиттің міндеті мен оны анықтау, ішкі аудиттің кәсіби практикасының негізгі принциптері, этика кодексі және Ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттары (ІАХКС), сондай-ақ ІАХКС қолдану жөніндегі нұсқаулық және ішкі аудитті жүзеге асыру бойынша ғаламдық Ішкі аудит институтының тәжірибелік нұсқаулары құрамдас элементтері болып табылатын Ішкі аудиттің кәсіби практикасының халықаралық негіздерін басшылыққа алады.

ІАҚ қызметінің алғашқы бес жылының 2013-2017 жылдар аралығындағы қорытындылары бойынша оның қызметіне тәуелсіз сыртқы тексеру жүргізілді.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Ішкі аудит қызметінің халықаралық кәсіби стандарттарға сәйкестігін 2018 жылы «КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС сыртқы тәуелсіз бағалаушысы растады.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қызметінде тәуекел-маңызды салаларда жүргізілетін аудиттарға және консультациялық қызметтермен қоса ІАҚ қолданылатын халықаралық корпоративтік стандарттарды ескере отырып, заңнама нормаларына, ішкі тәсілдемелерге сәйкес мерзімді түрде ішкі бақылау, ақпараттық қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы күрес, Холдингтің тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйелерінің тиімділігіне кешенді бағалаулар жүргізіп отырады.

Корпоративтік
іс-шаралар
іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар
  • Казахстанский центр индустрии и экспорта