01.11.2019

Тимур Жанке «ҚИК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

Тимур Жанке «ҚИК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

«Қазақстандық Ипотекалық Компания» Ипотекалық ұйымы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры, Басқарма мүшесі Тимур Жанке «ҚИК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

 

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, ҚИК Директорлар кеңесі алты адамнан тұрады: Жанке Т. А., Мұхамеджанов А. Б., Токобаев Н. Т., Елемесов А. Р., Салықов О. Ж., Суентаев Д. С.

 

Жанке Т. А. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша, Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша, MSM Маастрихт менеджмент мектебін, Нидерланды (MBA бизнес-әкімшілік магистрі) бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Алматы қаласы әкімі аппаратының туризм департаментінің бас маманы ретінде бастаған.

 

2001 жылдан 2002 жылға дейін ҚР Индустрия және сауда министрлігінің жетекші маманы болып жұмыс істеді.

2002 жылдан 2003 жылға дейін – «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ менеджері.

2003 жылдан бастап – «ҚазМұнайТеңіз» ҰК» ЖАҚ бас директорының көмекшісі.

2003 жылдан 2007 жылға дейін – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бас менеджері.

2007 жылдан 2008 жылға дейін бас директордың орынбасары, кейін 2008-2014 жылдары «ҚазМұнайГаз-Сервис Compass» ЖШС Бас директоры.

2014 жылдың қазан айынан бастап 2019 жылдың сәуір айына дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

«Құрмет» орденімен марапатталған (2012 жыл)

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар