03.12.2024
- Холдинг туралы
2018 жылғы 27 маусымда Тараз қаласында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі Жамбыл облысының кәсіпкерлері мен инвесторлары үшін «Холдинг Бәйтерек және халықаралық қаржы ұйымдарының бизнесті қолдауға арналған құралдары» тақырыбында форумды ұйымдастырды.
Форум барысында Холдингтің еншілес компанияларының өкілдері бизнесті қолдауға арналған құралдарды ұсынды. Облыс кәсіпкерлері мен инвесторларына «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «БРК-Лизинг» АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ тараптарынан қаржылық қолдаудың негізгі бағыттары туралы ақпарат берілді.
«Бәйтерек» холдингінің негізгі миссиясы - ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына үлес қосу», - деді өз сөзінде «Бәйтерек» ҰАК» АҚ жобалық менеджері Дамир Мусин. - Біздің бизнес-модельдің басымдығы инвестордың «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетуі болып табылады. Тәртіп бойынша инвестор Холдингке жобаны ұсынады. Содан соң, бұл жоба Холдинг деңгейінде 11 еншілес ұйымдардың құралдарын кросс-сату үшін қарастырылады. «Бір терезе» тәсілдің ыңғайлылығы инвесторларды экономиканың басым секторларына тартады деп үміттенеміз».
Форумда Холдингтің және оның еншілес компанияларының өкілдері жобалардың бастамашыларымен B2B-келіссөздер өткізді. Сонымен қатар, Жамбыл облысындағы инвестициялық жобалар бойынша қосымша ақпаратты Холдингтің еншілес компанияларының қарауына алу үшін келісімге қол жеткізілді.