03.07.2018

«Бәйтерек» холдингі Атырау облысының кәсіпкерлеріне қолдау көрсету құралдарын ұсынды

«Бәйтерек» холдингі Атырау облысының кәсіпкерлеріне қолдау көрсету құралдарын ұсынды

2018 жылғы 2 шілдеде Атырау қаласында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі Атырау облысының кәсіпкерлері мен инвесторлары үшін «Холдинг Бәйтерек және халықаралық қаржы ұйымдарының бизнесті қолдауға арналған құралдары» тақырыбында форумды ұйымдастырды.

Форум барысында Холдингтің еншілес компанияларының өкілдері  бизнесті қолдауға арналған құралдарды ұсынды. Облыс кәсіпкерлері мен инвесторларына «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «БРК-Лизинг» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, тараптарынан қаржылық қолдаудың негізгі бағыттары туралы ақпарат берілді.

«Елбасының Жолдауына сәйкес «Бәйтерек» холдингі өзінің бизнес-моделін «бір терезе» қағидаты бойынша өзгертуде», - деді өз сөзінде «Бәйтерек» ҰАК» АҚ жобалық менеджері Дамир Мусин. - Біздің қызметіміздің басты басымдықтарының бірі - инвесторларға қызмет көрсету. Ең алдымен, инвестор Холдингке нақты және жан-жақты зерттелген жобамен өтініш жасайды. Содан соң, бұл жоба Холдинг деңгейінде 11 еншілес ұйымдардың құралдарын кросс-сату үшін қарастырылады. Бұл жұмыстың қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады. Біз инвесторларды экономиканың басым секторларына тартатын «бір терезе» қағидатының тиімділігіне сенімдіміз».

Форумда Холдингтің және оның еншілес компанияларының өкілдері жобалардың бастамашыларымен B2B-келіссөздер өткізді. Сонымен қатар, Атырау облысындағы инвестициялық жобалар бойынша қосымша ақпаратты Холдингтің еншілес компанияларының қарауына алу үшін келісімге қол жеткізілді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар