24.03.2020

«Бәйтерек» холдингі қарыз алушыларға үш айлық төлем мерзімін ұзартуды ұсынды

«Бәйтерек» холдингі қарыз алушыларға үш айлық төлем мерзімін ұзартуды ұсынды

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Қазақстандағы төтенше жағдайдың әрекет ету кезеңінде кәсіп-керлерге қолдау көрсетуді күшейтті.

 

Сонымен, Мемлекет басшысының ҚР-дағы төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 23 наурыздағы отырысында берген тапсырмасына сәйкес Холдингтің еншілес ұйымы - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын толық көлемде көрсетуді жалғастырады.

 

Екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар және микроқаржы ұйымдары қарыз алушыларға негізгі қарыз бен сыйақы сомаларының төлемдері бойынша таяу үш айға кейінге қалдыруды ұсынады. Мұндай қолдау «Еңбек», «Даму Өндіріс» өңдеу өнеркәсібі саласындағы ШОБ қолдау бағдарламасы сияқты жеңілдетілген несие беру мемлекеттік бағдарламалары, «Даму» Қоры мен әкімдіктердің бірлесіп іске асыратын өңірлік бағдарламалары шеңберінде алған қарыз алушыларға көрсетілетін болады.

 

Бұдан басқа, «Даму» Қоры кредиттерді қайта құрылымдаумен байланысты өзгерістерді қарастыру, келісудің оңайлатылған процесіне көшті және субсидиялау мен кепілдік беру құралдары бойынша мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жобаларды қаржыландырудың қолданыстағы шарттарына өзгерістер енгізу бойынша біржолғы шешімдер қабылдауға дайын.

 

Айта кетейік, жеңілдік беру кезеңін банктер, лизингтік компаниялар, микроқаржы ұйымдары жеке тәртіпте қарастырады. Қор онлайн режимінде www.damu.kz, www.online.damu.kz сайттарында немесе бірыңғай call-center-дің 1408 нөмірі (қоңырау шалу тегін) арқылы кеңес беруге дайын. Сондай-ақ, кәсіпкерлер мемлекеттік қызметтерді алуға, мемлекеттік бағдарламалар бойынша шарттарды өзгертуге өз өтінімдерін онлайн-режимде egov.kz және online.damu.kz порталдары арқылы жібере алады.

 

Сондай-ақ, Холдингтің басқа еншілес ұйымы - «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ ШОБ үшін жалға алу ақысын есептеуді тоқтатады. Атап айтқанда, 2020 жылдың 20 наурызынан бастап Қазақстандағы төтенше жағдай мен карантиннің әрекет ету кезеңінде ҚИҚ шағын және орта бизнес субъектілері үшін жылжымайтын мүлік объектілері бойынша жалға алу төлемдерін айыппұл мен өсімпұлдарды есептемей 3 айға кейінге қалдыру жолымен есептеуді тоқтады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар